НАННЫҢ ӘНІ...
Біздің Мәжілістің «Көө-ө-п партиялы» деген атауына сән беріп тұрған «Халықтық коммунистер» фракциясының мүшесі, депутат Айқын Қоңыров айтып-айтып тастаймын деп, абыройсыздыққа ұшырай жаздады...
Қоңыровтың ойынша Қазақстандағы әлеуметтік нан өнімдерінің бағасы... 300 теңге болуы керек екен!
«Арзан нанның қадірі жоқ, сондықтан да жұрт қоқыс салғышқа бөлке-бөлке нан тастап жүре береді. Бағаны көтерсек, нанның қадірі артады. Мысалға, нан өнімдері Еуропа елдерінде ең қымбат азық түрі болып саналады. Шамамен бір жарым, екі доллар тұрады» деген депутат әлеуметтік нан өнімдерін сатып алуға карточка енгізуді де ұсынды...
Abai.kz