Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5040 0 пікір 19 Қараша, 2014 сағат 15:50

ЖУРНАЛИСТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Кеше ОҚО облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Интернет медиа-технологияны меңгеру тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, ғаламторда ақпарат тарату мен имидж қалыптастыру мақсатында өткен шараға облыстағы жас журналистер мен блогерлер қатысты. Жиынды ашқан ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали аталған шара БАҚ өкілдерінің кәсіби деңгейін шыңдап, заман талабына сай жедел ақпарат алу мүмкіндіктерін ашатындығын айтты.

Ал ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі, саясаттанушы Жарқын Түсіпбекұлы «Әлеуметтік медиа», «Аbai.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Дәурен Қуат «Дәстүрлі БАҚ және жаңа медиа» тақырыбында дәрістер оқыды. Семинарға қатысушылар әлеуметтік желілерге ақпарат беру, имидж қалыптастыру, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, бейнематериал салу мен ақпаратты жарнамалау жайын кеңінен талқылады.

ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371