Драма көп. Драматургтар қайда?
Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жас драматургтар үшін республикалық «Замандас келбеті» атты байқау жариялап жатыр. Байқаудың мақсаты мен міндеттері, өткізу мерзімі мен тәртібі туралы құлаққағыс бізден бұрын дәстүрлі баспасөз беттерінде жарық көріп үлгеріпті. Шамасы, содан бері «әкемтеатрдың» хатқоржыны тың дүниелерге толып қалған да шығар.
Бас театрдың бұл талабы - құптарлық талап. Өйткені қазір белгілі деген драматургтердің қатары сиреп, бары шау тартып барады. Проза мен поэзия әлемінде танылып қалған жастар болса драматургияға ат басын бұрар емес. Турасын айтсақ, драмасы көп бүгінгі қоғамда драмтургтер жоқ. Неге бұлай?
Талапкер дос, төмендегі байқау шартымен танысып көріңіз, байқауға қатысу мерзіміне аз қалса да бақ сынап бағыңыз. Бәлкім, сізді М.Әуезов атындағы академиялық драма театрдың төрі күтіп тұрған болар!
1.Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- сахнада бүгінгі замандас келбетінің бейнеленуіне, тәуелсіз Қазақстанның - мойнына
жауапкершілік ала білетін, жаңа заманға, уақыттың талаптарына сай - жаңа кейіпкерлерінің
шығуына ықпал ету.
- жаңа көркемдік кеңістіктердің игерілуіне жол ашып, драматургияда жаңа есімдердің пайда
болуына және олардың кәсіби өсуіне мүмкіндік тудыру
2. Байқауды өткізу мерзімі:
- пьесалар 1 желтоқсанға дейін (2014ж.) қабылданады
- байқау нәтижесі 16 желтоқсан (2014ж.) – ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында жарияланады.
3. Байқауды өткізу тәртібі:
- байқауға 40 жасқа дейінгі республика азаматтары және шетелдегі қандастарымыз қатыса
алады.
- байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, еш жерде қойылмаған, жарияланбаған, өзге
байқауларға қатыспаған жаңа пьесалар (автор туралы мәліметтермен қоса) жолдануы
шарт. Жанрға шектеу қойылмайды.
- байқауға ұсынылатын пьесалар компьютерлік 40 беттен аспауы тиіс (шрифт Times New
Roman-12). Пьесалар мәтіні teatr_auezov@bk.ru электронды поштасына және театр мекен-
жайына - 050008. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 103 - жолдануы шарт.
- Байқауға түскен жобаларды кәсіби мамандардан тұратын Сарапшылар кеңесі сараптайды.
4. Байқау жүлделері:
- Ең үздік деп танылған пьесалар театр репертуарына алынып, сахналанады.
- Сәтті деген пьесалар авторларына режиссерлермен біріге жұмыс жасау, әріптестік ойдағыдай
болғанда театр сахнасында қою мүмкіндігі қарастырылады.
- Рухы, формасы байқау талабына сай пьесаларды жас режиссерлер, актерлер
лабораторияларында оқу ұйымдастырылады.
Анықтама телефондары – 8 (727) 378-54-11, 8-701-722-23-07, 8-777-704-71-71.
Abai.kz