Жұма, 22 Қараша 2024
Құйылсын көшің 10736 0 пікір 3 Қараша, 2014 сағат 13:17

"КӨШ, КӨШКЕ КІМ ӨШ?"

Жақында «Мерей» баспасынан ақын Ауыт Мұқибектің «Көш, Көшке кім өш» атты 30 баспа табақтан тұратын көлемді жинағы басылып шықты.

Автор «Бұл кітабымды Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Шетте тарыдай шашырап жүрген бес миллион қазақтың Алладан кейінгі панасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арнадым!»- депті.

Ақын бұл еңбегінде азаттық таңы атысымен бірге көп-көрім басталып, соңғы жылдары тізгіні қаңтарылып, тоқырауға ұшыраған қазақ көшінің көкейтесті мәселелерін, шетте қалып бара жатқан қандастарымыздың қыл үстінде тұрған қиын тағдырын жан-жақты қаузайды. Ел бірлігін, ұлт тұтастығын ту етіп көтереді. Шекара сыртындағы қазақтарды Қазақстанға оралтудың маңызын түсіндіріп, жолдарын ұсынады. Сол арқылы қазақ даласында шынайы тәуелсіз, біртұтас ұлттық мемлекет құруға деген өзінің азаматтық ұстанымын, көзқарасын білдіреді.

Екінші бір қырынан қарағанда, «Көш, Көшке кім өш?!» кітабы арпалысқа толы, айқай-шуы көп, жолы ауыр қазақ көшінің тәуелсіздіктен бергі ширек ғасырдағы құнды шежіресі іспетті.

Сонымен бірге, жинаққа, ұлт рухын асқақтатқан Тұманбай, Жәнәбіл, Жақып бастаған тұлғалар жөніндегі бір бөлім тебіреніске толы эсселер мен әдеби сын мақалалар да енген.

Кітаптың  таралымы 2000 дана. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5236