Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2411 0 пікір 17 Мамыр, 2010 сағат 06:22

Астанада үлескер, егер құрылыс компаниясы оның салған Т24,5 млн қаражатын қайтарып бермесе, өзін мұнара кранынан тастап жіберемін деп сес көрсетіп жатыр

Астана. 17 мамыр. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева.  Астанада үлескер Күлзайнат Әбілова, егер Қажымкан Мәсімовке тиесілі «HAS-ER.KZ» құрылыс компаниясы Шымкент маңындағы котедж қалашығының құрылысына салған оның Т24,5 млн қаражатын қайтарып бермесе, өзін мұнара кранынан тастап жіберемін деп сес көрсетіп жатыр.

Құрылыс краны «Нұр Сая» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл тұрғын үй кешенінде парламент депутаттары тұратыны белгілі.

«Мен «HAS-ER.KZ» компаниясынан ақшаны сұрап жатырмын. Олар маған ақшамды қайтармай отыр және қолыңнан келгенді жаса дейді. Алдымен бұл компанияның қаржылық директоры Сапаргүл Махамбетова маған біресе Алматыға, біресе Шымкентке кел, сонда ақшаңды қайтарып береміз деп уәде етті... Егер олар ақшамды қайтармаса, мен өзімді краннан төмен тастаймын. Менің қолымнан басқа амал келмейді», - деді ол дүйсенбі күні кранда тұрып журналистерге телефон арқылы. 

Құқық қорғаушы Талас Сағынтаевтың айтуынша, үлескер кранда кешкісін 16-шы мамырдан бері тұр. «HAS-ER.KZ» оған Т24 млн 650 мың қарыз. «Барлық үлескерлерге компания қаражаттарының бір бөлігін - кімге 50%, ал біреулерге - 90% қайтарып берді, ал оған бір де тиын қайтармаған. Ол маған бүгін таңертең қоңырау шалып, мен онымен кездестім (кранға шығып - ҚазТАГ)», - деп ол журналистерге айтып берді.

Т. Сағынбаев қазір ол әйел бас прокурордың атына арыз жазып, қарыздың жартысын қазір қайтаруын, қалғанын кепілхатпен қайтаруын талап етуде.

Қазір онымен құқық қорғау органдарының өкілдері келіссөздер жүргізіп жатыр. Оқиға орнына жедел жәрдем мен өрт сөндіргіш арнайы техника келіп жетті.

0 пікір