Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
46 - сөз 10202 0 пікір 31 Қазан, 2014 сағат 07:36

Dina Tulekova. ХӘКІМДІК ПЕН ӘКІМДІК

Бізде өзі қызық қой... Батыста деймін-ау, жастар ғалым болғысы келеді, бизнесмен болғысы келеді, дәрігер, журналист, қойшы әйтеуір бір саланың мықты маманы болуды армандайды. Шенеунік болуды өмірінің мұраты санайтындар некен-саяқ. Ал бізде титтей баланың өзінен "өскенде кім боласың" деп сұрай қалсаң, "әкім болам" деп тарс еткізеді, аталарымыз "әкім бол" деп замануи бата беретін болды, тіпті аңдап отырсаңыз, ата-ана баласын еркелетудің өзін модернизацияландырып алған: "ошы менің балапаным ертең өскенде, әкім, министр болып, мама-папашын ашырайды екен өжі"...
Енді бар ғой, "пәленшенің баласы сабақты жақсы оқып еді, әнекей, шыттай әкім болып жүр. ішкені алдында, ішпегені артында" деп баласына ұрысып тұрып та, көкейін тескен көп нәрсені өзі аңғармастан жайып салады... Жоғары жақта әкім болу үшін кландар арасында кәдімгідей "битва" боп жатады... Кеше ғана оқу бітіріп келген мұрынбоқ лауазымды қызмет үшін жан-жағыларды шімірікпестен сатып жібереді...тб... Неге өйтесіздер деуге аузым бармайды. Себебі, біздің елде ғалым бол, тілші бол, дәрігер бол мейлі, ой бір құмырсқаның илеуіне тап боласыз. Беліңіз майсып ертелі-кеш жасаған еңбегіңіздің құны көк тиын. Ал шенеунік болдым дегенше сиқыршының таяғы қолыңызда дей беріңіз. Креслоға отырғаныңыз сол екен, күні ертеңіне-ақ үйіңіз үлкейіп, көлігіңіз дүңкиіп, тіпті туған -туысқандарыңызға дейін адам танымастай боп өзгеріп, мұрындары шелтиіп шыға келеді...

Хәкімдіктен әкімдікті биік қоятын ұрпақ өсіп келе ме....

(Фейсубктегі жеке парақшасынан алынды).

 

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 602
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2596
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2375
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1457