Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Жаңалықтар 2733 0 пікір 17 Мамыр, 2010 сағат 06:23

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында көмірқышқыл газ анықталған учаскені оқшаулау жұмыстары жалғасуда

Қарағанды. 17 мамыр. ҚазТАГ -  «АреслорМиттал Теміртау» АҚ-ның Күзембаев атындағы шахтасында көмірқышқыл газының көп көлемі анықталған учаскені оқшаулау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД.

ТЖД бастығының орынбасары Владимир Пфаргердің айтуынша, апатты лаваны оқшаулау жұмыстары аяқталған соң ғана шахтада өндіру және қазу жұмыстарын жүргізуге рұқсат беріледі.

«Жұмыс аяқталған соң бақылау мақсатындағы өлшеу шаралары жүргізіледі. Оның нәтижесіне байланысты өндіру және қазу жұмыстарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданады», - деді ТЖД бастығының орынбасары.

Бұрын хабарланғандай, сенбі күні лаваның құрамында көмірқышқыл газының көп мөлшері тіркелгендіктен, шахтадағы жұмыс тоқтатылған болатын. «Желдету және қауіпсіздік техникасының жұмыскері лаваны жоспарлы зерттеу барысында жоғары көлемде СО анықтаған. Ол өңделген лавадан анықталды, ол қазір алынып жатыр. Маман ретінде көмір кенінде тотығу реакциясы жүріп жатыр деген болжам айтатын едім, - деп нақтылады  В. Пфаргер.

ТЖ-ны жоюға «ВАСС-Көмір» РМКК 50 тау құтқарушысы мен 13 техникасы, сондай-ақ, ТЖД күштері мен техникасы тартылып отыр. Оқшаулау жұмыстарын жүргізу үшін лаваға екі объектіге 50 тоннадан гипс түсірілді.

0 пікір