Алматыдағы еврейлер қауымдастығы Тәуелсіздік күнін атап өтті
Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ - Өткен жексенбіде еврейлердің Қазақстан мен Қырғызстандағы «Сохнут» агенттігі Алматыда Израиль Мемлекетінің 62 жылдығына орайластырған мерекелік шараларын өткізді.
Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Еврейлердің Қазақстан мен Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Исраэль Мей Ами, израиль Кнессетінің (Парламентінің) депутаты Шай Хермеш, Иерусалимнен арнайы келген «Сохнут» агенттігінің ТМД мемлекет бөлімінің басшысы Алекс Кац, сондай-ақ «Сохнут» еврей агенттігінің Қазақстан мен Қырғызстандағы өкілдігінің басшысы Александр Брискин мен жергілікті еврейлер қауымдастығының өкілдері қатысты.
ҚазТАГ агенттігіне берген сұхбатында Ш. Хермеш еврей халқы Қазақстанға соғыс жылдары фашизменен құтылған мыңдаған еврейлердің осында қоныстануына мүмкіндігі үшін алғысын білдірді. Бүгіндері екі ел арасында экономика мен мәдени салада тығыз ынтымақтастық қарым-қатынас орнаған, дейді депутат. Ол сондай-ақ Қазақстан аз ұлттардың ешқандай қыспақ көрмей, өздерінің мәдени дәстүрін еркін дамыта алатын әлемнің аздаған мемлекеттерінің бірі екенін жеткізді.
Мереке «Раун» байқауының және «Freilehe kinder» конкурсының дипломанты - «Анахну» ансамбілінің өнер көрсетуімен жалғасты. Ұлттық көркемөнер ансамбілі жиналғандарды еврей және қазақ билерімен қуантты.

Израильдің Тәуелсіздік күні (ивритше: Йом ха-Ацмаут) - 1948 жылы 14-ші мамырда (еврей күнтізбесімен 5708 жылы 5-ші иярда) Израиль мемлекетінің құрылғандығын жариялау құрметіне жыл сайын аталып өтілетін Израильдің негізгі мемлекеттік мерекесі. Осы күні Палестинада Британиялық мандаттың аяқталуына шамамен 8 сағат қалғанда Израиль тәуелсіздігі туралы декларацияға Давид Бен-Гурион (кейін Израильдің премьер-министрі) қол қойып, Израиль мемлекетінің құрылғанын жариялады. Бұл БҰҰ бас ассамбелясының 1947 жылғы 29-шы қарашасындағы 181-ші резолюциясы туралы шешіміне сай жасалды.
Бұл Израильдегі жалғыз ресми демалыс күні. Барлық қалаларда отшашулар өткізіліп, ал мерекенің өзін жаппай табиғатқа шығумен атап өтеді.