Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7253 0 пікір 16 Қазан, 2014 сағат 14:32

ЕҰУ-ДЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КАФЕДРАСЫ АШЫЛАДЫ

«Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ақпараттық қауіпсіздік кафедрасы ашылуы мүмкін. Бұл туралы бүгін елордада  өтіп жатқан «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция  барысында Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Ақпараттық қауіпсіздік және технология институтының директоры Ержан Сейітқұлов айтты», - деп жазды ҚазАқпарат.

«Біз өткен жылы ЕҰУ-де ақпараттық қауіпсіздік жүйесі бойынша мамандық аштық. Бір жылдың өзінде-ақ талапкерлердің жартысынан астамын жинап алдық», - деген Е.Сейітқұловтың сөзіне қарағанда, университетте ақпараттық қауіпсіздік саласындағы кадрларды даярлау үшін зор ғылыми әлеует бар. Бұдан бөлек еліміздің Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, осы салаға қатысты көптеген жобалар жүзеге асырылуда.

«Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жеке кафедра құру, жаңа техникалық, мәселен компьютерлік қауіпсіздік мамандығын ашу жоспарымызда бар. Қазіргі уақытта бізде ақпараттық қауіпсіздік жүйесі деп аталатын жалғыз әскери мамандық болса, Ресейде ақпараттық қауіпсіздік бойынша көптеген техникалық мамандық бар», - деді институт директоры.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5405