Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Өлең 6685 0 пікір 16 Қазан, 2014 сағат 13:16

ТАЛҒАТ ЕШЕНҰЛЫ. АПАТАЙ РУСЬ!

 

Тілімді кесіп өзімнің,
Сенің тіліңді тіл еткем.
Қарасын ойып көзімнің,
Көз жасағасың түнектен.
Қолы жетер деп арманға.
Қолымды шаптың балтаңмен,
Төрімде жүрдің арбаңдап,
Топас аюдың талтаңымен.
Ханымның басын қор қылып,
күлсалғыш еттің қастықтан.
Жерімнің бетін сор қылып,
Елімді қырдың аштықтан.
Сұраусыз қалды ерлерім –
Сібірдің ормандарында.
Атаусыз қалды ерлігім –
Мәскеудің қорғандарында.
Қорқақ боп өсті ұлдарым,
Үркек боп өсті қыздарым.
Арағыңменен суарып,
«Ағалығыңды» бұлдадың.
Қайғымның емін таба алмас,
Қара Жер, Аспан көнермей.
Бұл жаулық, сірә, жоғалмас,
Сен өлмей, я мен өлмей.
Азабың тартқам – көнген ем.
Ажалды болғам – өлмегем.
Апатай Русь, аман бол!
Апатай Русь,
ешқашан апатай болып көрмеген!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1178
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2705
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 825
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 797