ШӨКЕЕВКЕ БІР ТЫҚЫР ТАЯҒАН СИЯҚТЫ
Президент Назарбаевтың командасындағы көптен бергі сыралғы дос, қай салаға салсаң да саспай шабатын саңлақтардың бірі – Өмірзақ Шөкеев болса керек. Өмекең Ұлттық банкті де басқарды, Мәскеуде елші де болды, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қостанай облысының әкімі дейтін қызметті де атқарып тастаған. Кейінгі кезде жұрт «Шөкеев Алматы қаласының әкімдігіне тағайындалады екен. Шарауақор жан ғой» - десіп гулеп жүрген. Жо-оқ, олай емес сияқты. Елбасының оған қайта-қайта сын-ескертпе жасай беруіне қарағанда, ол қазіргі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»-ның төрінде ұзақ отыруы ендіге неғайбыл... Өйткені жыл басындағы Үкіметтің жалпы жиынында Президент оған: «Өзің бір тоймайтын адам екенсің», - деп еді осы жолы:
- Маған жоғарыда ел үшін, өзі үшін жұмыс жасағысы келетін жас адамдардың тізімі мен суреттерін көрсетті. Оларды компанияға қалай тарту қажеттігі - бұл маңызды мәселе. Бұл адамдарды білігі , тәжірибесі, білімі бойынша қалай жоғарылатуға болады? Білуімше, қоңырау шалса, танысы болса, жеткілікті және ондай адам жұмысқа орналасып жатады. Олар ол жақта бос отыр. Міне, бұл басты міндет және Шөкеев мырза осы міндеттерді атқара алсаң, ары қарай жұмыс істейсің. Атқара алмасаң, жұмыс істемейтін боласың», - деді (дереккөзі: http://kazinform.kz/kaz/article/2703606).
«Қажеттінің барлығын біз саған береміз. Жаса. Жасай алмасаң жұмыс істемейсің. Бізде нақты жұмыс жоспары болуы тиіс», - деді ҚР Президенті Шөкеевке щүйліге қарап (дереккөзі: http://kazinform.kz/kaz/article/2703606).
Abai.kz