Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5613 0 пікір 2 Қазан, 2014 сағат 11:59

Б.БАЙБЕК: ҚАЗАҚСТАН ПАРА АЛУ БОЙЫНША 80-ОРЫНДА

Бейресми төлемдер мен пара беру бойынша Қазақстан 144 елдің арасында 80-орында тұр. Бұл туралы бүгін 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын талқылау барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлім еткен. Бұл туралы Bnews.kz жазды.

 «Халықтың билікке деген сенімі тұрмыстық жемқорлықтың деңгейімен анықталады. Тұрмыстағы жемқорлық дегеніміз – қарайым азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдері, кәсіпкерлер мемлекеттік қызметті пайдаланғанда күн сайын жолығып жүрген сансыз кедергілер. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің 2014-2025 жылдарға арналған есебіне қарасақ, Қазақстанда бизнес жүргізудің ең басты проблемасы сыбайлас жемқорлық екенін анық байқауға болады. Бейресми төлемдер мен пара беру бойынша еліміз 144 елдің арасында 80-орын алады екен. Осыған байланысты, «Нұр Отан» жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бағдарламасының жобасында бизнестің шынайы проблемасын барынша ашық көрсетіп, оны жою жолдарын ұсынып отыр»,- деген жиын барысында Б.Байбек.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364