Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2565 0 пікір 19 Мамыр, 2010 сағат 03:52

Салық қызметі мұнай министрлігіне ӨБК режимінде салық салуға қатысты материалдарды «қызметтік пайдалану үшін» белгісімен жолдады

Алматы. 17 мамыр. ҚазТАГ - Данияр Темірбаев. ҚР қаржы министрлігінің салық комитеті мұнай және газ министрлігіне өнімді бөлісу туралы келісім (ӨБК) режимінде салық салуға қатысты материалдар пакетін ҚР мұнай және газ министрлігіне жолдады, деп мәлім етті мемлекеттік органның басшысы Дәулет Ерғожин.

«Біз барлық материалдарды мұнай және газ министрлігіне жібердік», - деді ол сейсенбі күні ақпарат агенттіктердің журналистеріне on-line-конференцияның алдында.

ҚазТАГ агенттігінің бұл ұсыныстардың мәні туралы сұрағына  Д. Ерғожин: «Сіздерге ештеңе айта алмаймын. Олар «қызметтік пайдалану үшін» белгісімен жолданды», - деп жауап қайтарды.

Ақпан айында Д.Ерғожин журналистерге салық комитеті сәуір айына дейін үкіметке қазіргі өнімді бөлісу туралы келісімдерді қолданыстағы салық тәртібіне ауыстырудың ықтимал тетіктері бойынша ұсыныстар енгізетінін айтқан болатын. Сондай-ақ, Қазақстан үкіметі жер қойнауын пайдаланушылармен бұл мәселені келіссөз процесі барысында шешуге тырысатынын, бірақ келісімшарттардың бұзылу мүмкіндігін жоққа шығармаған болатын.

«Халықаралық құқықтық қатынастар тұрғысынан алғанда аталған келісімдер Қазақстан Республикасының атынан жасалғандықтан, олардың негізгі бөлігін қолданыстағы режимге ауыстыру келіссөз процесінде жүргізіледі», - деді комитет төрағасы.

Сонымен қатар, «шешімге келудің түрлі тетіктері мен амалдары бар, келісімшартты бұзу - шешім қабылдаудың ақырғы кезеңі ғана», - деді ол.

Д. Ерғожин Қазақстанда ӨБК шеңберінде жұмыс істейтін жекелеген жер қойнауын пайдаланушыларға ағымдағы салық режиміне ауысу тиімді болады деген пікір білдірді.

Еске сала кетейік, 2009 жылдың соңында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев салық режимінің тұрақтылығы қағидасына жататын ӨБК-лерді қолданыстағы салық заңнамасына сәйкестендіруді тапсырған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435