ҚАРАҒАНДЫДА РЕСЕЙ АЗАМАТЫНАН 40 КЕЛІ ГЕРОИНМЕН ҚОЛҒА ТҮТСІ
Қарағандыда Ресей азаматынан 40 келіден астам героин тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Облыстық прокуратураның мәліметінше, Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі мен облыстық ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаланың Гапев ықшамауданында Nissan автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік салонынан екі сөмке табылды, онда сұр түсті ұнтағы бар 40 пакет болған және 36 мың АҚШ доллары салынған сөмке болыпты. Сарапшылардың қорытындысына қарағанда, әр пакетте бір келі героин болған, жалпы салмағы - 40,74 келі. Шетел азаматтары Қарағанды қалалық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған дейін де Қазақстан - Ресей шекарасында есірткінің ірі партиясының жолы кесілген. 34 келі героинді контрабандашылар Қазақстаннан Ресейге алып өтпек болған.
Абай-ақпарат