Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4348 0 пікір 22 Қыркүйек, 2014 сағат 10:24

РЕСЕЙДЕ УКРАИНАДАҒЫ СОҒЫСҚА ҚАРСЫ ШЕРУ БОЛДЫ

21 қыркүйек, жексенбі күні Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және тағы бірнеше қаласында, сонымен бірге шетелдерде Украинаның шығысындағы жанжалға Ресей әскерінің араласуын тоқтатуды талап еткен және Украина жерінің біртұтастығын қолдайтын оппозициялық «Бейбітшілік шеруі» өтті.

Азаттық радиосының жазуынша Мәскеудегі Пушкин алаңынан Сахаров даңғылына дейінгі аралықта өткен "Бейбітшілік шеруінде" "Алдау мен соғыс тоқтатылсын" деген ұрандар айтылған. Демонстранттар әуеге бейбітшілік символы – көгершін ұшырды.

Бейбітшілік шеруіне" қатысқан Ресей мемлекеттік думасының оппозицияшыл депутаты Дмитрий Гудков Twitter-дегі парақшасына сенсек демонстрацияға 70 мыңдай адам шыққан көрінеді.

Оппозиционер Алексей Навальный Twitter-дегі парақшасында жазуынша  Ресей президенті Владимир Путинді айыптайтын плакатты жаюға рұқсат берілмеген.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371