Сенбі, 23 Қараша 2024
Тағзым 7020 0 пікір 17 Қыркүйек, 2015 сағат 11:03

ҚАЗАҚ ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕРІ КЕРЕК БОЛМАЙ ҚАЛҒАН БА?

Бүгінде Қазақстандағы  телеаналардың қазақ тілді хабарларының барлығында дерлік жүргізушілер: тек актерлерден, әншілерден, сайқымазақ күлдіргіштерден таңдап алынатын болыпты.

Сонда қазақ тілді тележурналистердің қажеті болмай қалған ба?

Қайталап айтамын, хабар жүргізетін қазақ тележурналистерін эфирден шектететіндей, олардың не жазығы бар екен?

Қаптаған артистер жүргізіп жатқан сапасыз телехабарларды қарап отырып, еріксіз осындай ойға қаламын.

Көңілдеріне келсе де айтайын және байырғы тележурналист ретінде айтуға хақым бар шығар, сол актер, әртіс жүргізушілердің барлығы дерлік мәтін жазуға жоқ. Басқаша айтқанда басқалар жазып берген мәтірндерді жаттап алып, өздері шығарғандай экран алдында сайрайтынын былайғы көрермендер білмесе де, мен жақсы білемін. Әлгі хабар жүргізгіш артистердің сөйлейтін сөздерін тасадағы редакторлардың жазып беретіні анық. Ана жүргізуші актерлер телесуфлерден тасадағы журналист жазған мәтінді ғана оқитыны - таза шындық. Сонда тап өздері жандарынан шығарғандай болып сайрап отырған артистер қалың телекөрерменді неге алдайды? Онсыз да мына екіжүзді заманда енді көгілдір экран арқылы қалың елді алдаудан олар (жүргізуші артистер, телеарна басшылары) не пайда көрмек?

Сонда ол телеарналарға бір хабарды жүргізу үшін: бір мәтін жазатын журналист және тағы бір актер алудың қаншалықты қажетті болды екен (біздің заманымызда бұл жұмыстардың барлығын бір өзіміз жүргізуші едік). Мынадандай қымбатшылық кезінде ол телеарна басшыларының бұл аста төк еркіндіктерін, шектен шыққан «мырзалықтарын» қалай түсінуге болады?

Әңгіменің ашығын айтқанда, телеарналарға хабар жүргізе алатындай қазақ журналистерінің аналарға шынымен керек болмай қалғаны ма?..

Жұмаш КЕНЕБАЙ

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5508