ОРТАҚ ВАЛЮТА ШЫҒЫП ҚОЙҒАН БА?
Бүгін қолында ұялы телефоны бар жанның бәріне ЕАЭО-ға мүше елдерге ортақ валютаның суреттері бейнеленген ақпараттар келіп түсіп жатыр. Ортақ валюта «Алтын» деп аталатын көрінеді. Бұл не сөзі? Рас па, өтірік пе? Доллардың бағамы шарықтап өсіп бара жатқан осы күндері жұрт неге болса да алаңдап, неге болса да сеніп қалатын жағдайда отыр. Оның үстіне таяуда РФ президенті Путин Думаға ЕАЭО мен ТМД елдеріне ортақ валюта туралы заңның жобасын әкелген еді (http://abai.kz/post/view?id=4536). Ресей саясаткерлері мен қаржыгерлері де ортақ валюта туралы жиі айтуда. Алайда, әлгіндей әңгімелерді Қазақстан тарапы жоққа шығарып келеді. Мысалы, таяуда ғана ортақ валютаға қатысты пікір білдірген Халық банктің төрайымы Үміт Шаяхметова «төл ақшасын жоғалтқан ел саяси тәуелсіздігін де жоғалтады» деген болатын (http://abai.kz/post/view?id=4546). Әйткенмен де «Алтын» туралы алып-қашпа сөз желдей есіп барады. Бүгін әлеуметтік желілерді кезіп жүрген ақпарат былай дейді:
Мына сөзге сенер болсақ, онда доллардың күні біткенге ұқсайды. Теңге де тынған секілді. Алайда, «Алтынға» байланысты Ұлттық банктің өкілі Әнел Дәулетғалиева: «Бұл қаңқу сөз, әншейінгі әңгіме» дегенді айтты (http://tengrinews.kz/private_finance/sluhi-vvedenii-edinoy-valyutyi-altyin-vnov-oproverg-natsbank-280942/). Әйтсе де, көптің көңілінде күдік басым. Өйткені, Ұлттық банк осыған дейін де «қаңқу сөздерді жоққа шығармақ болып» қатарынан бірнеше рет қателескен еді. Ел іші «Тазша бала» атап кеткен Келімбетовтің Ұлттық валюта, девальваця туралы жасаған мәлімделерін еске алсақ, «алтынның» да ақыры шыныдыққа айналуы мүмкін ғой. Айтпақшы, Елбасы теңгені еркін айналымға жіберген күні: «Кімде кім әдейі арандатып, жаңсақ ақпарат тарататын болса, заңмен жазаланады», - деген еді. Сонда бүгінгі ақпаратты таратушы кім, ол ұсталып, өтірігі дәлелдене ме, жоқ па? Алдағы күндер қалай болады? Халық алаңдаулы...
Abai.kz