Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4046 0 пікір 16 Қыркүйек, 2015 сағат 09:20

ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ДІНМЕН АҚТАМАҚ ПА?

Әкеміз 1932 жылдың ашаршылығын көзбен көріп, әзер дегенде тірі шыққан адам. Үкіметтен қатты қорқатын.

Сталинді өлгенше мақтап кетті. 1991-1998 жылдардағы қиыншылықты бұйым көрген жоқ. Бізге "сендер не, осыны аштық деп жүрсіңдер ме? Бұл әлі тоқшылық қой" деп отыра беретін. Біздің қандай да бір радикалды "резкий" пікірлерге тоқтау салып отыратын. "Ей, балам, үкіметпен ойнама. Қаласа бір түнде жоқ қылады" деп тізгінді тартып отыратын. Біз ол кезде жалындаған жаспыз. Бәрін қопарып, өзгертіп, гүлдендіргіміз келеді. Тоқырап, тоқтап тұрған өмірге көңіліміз толмай бұлқынамыз. Ол болса "осыған шүкір, қойыңдар болды" дейді. Сол үшін әкемізбен талай рет тайталастық та. Сосын ішімнен "бұлар енді СССР-дің тепкісін әбден көрген. Саналарын содан үрей билеп алды. Бұл кісілер кеткен соң жаңа заманның жастары елді қалай да жаңа белестерге алып шығады" деп сенуші едім. Қазір қарап отырсам, бәрі бекер сияқты.

Кеше ғана осында бірнеше дінге бейім бірнеше жастармен сөзге кеп қалдым. Неге дейсіз ғой? Себебі, олар мына елдің егемендігін жойып, тәуелсіздікті құлатудың аз ақ алдына әкеп тіреген коррупционерлер мен жемқор жүйені дін арқылы ақтап алу үшін барын салды. Айтатын уәждері "Қалай тырбансаң да Алланың нәсіп еткені ғана бұйырады", "Әу, баста не жеп, не ішетінімізді Алла белгілеп қойған. Содан асып кете алмайсың", "Биліктің еш кінәсі жоқ қазіргі жоқшылыққа. Халықтың пейіліне қарай билеуші деген. Халықтың өзіне осы лайық" деген сыңайда жалғасып кете береді. Мен жалын атып, асау атша тулап тұруға тиісті жастардың осыншалықты пассив мінезіне қайран қалдым. Оқымаған жай адамның өзі мына жемқор жүйенің жұртты өлтіруге айналғанын біліп сезіп те отыр. Пара бермесе тырнақтай да ісі тынбайтынын күніге көріп отыр. Сонда да дінді ортаға көлденең тарта отырып, коррупцияға шырмалып қалған системаны судан ақ, сүттен таза етіп ақтап алуға деген құштарлық расында да қайдан шығады?

Мысалы үкімет әйелдердің баласына берілетін ақысын сан түрлу сылтаумен бермей соза береді. Күміс алқа алу үшін енді көршіңнен барып мінездеме қағаз жаздырып әкел дегенге дейін барды. Сонда менің көршілерім үкіметткі органға "Ия, растаймын. Көршімнің алты баласы бар. Ол жақсы әйел. Күйеуімен, енесімен, қайын аға, қайын інілерімен жақсы сыйласып тұрады" деп мінездеме беруі керек пе? Діншіл жас жігіт маған "Ақыңызды талап етпеңіз. Оған үкіметтің еш қатысы жоқ. Оны Алла сізге нәсіп ететін. Тіпті Назарбев жеке өзі бұйырса да Алладан рұқсат болмаса ол "пособиені" еш ала алмапсыз да" деп жауап қатты. Әкелерімізді ғой 32-нің аштағын көрген деп ақтадық. Әділетті қоғам құру үшін барын салуы тиіс ендігі жастардың мына әрекетін немен ақтаймыз?

Санжар Керімбай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5493