Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Билік 7559 0 пікір 14 Қыркүйек, 2015 сағат 07:47

«100 НАҚТЫ ҚАДАМНЫҢ» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТАЛАБЫ

«100 нақты қадам» Ұлттық жоспары мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (әрі қарай - Департамент) мен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы бірлесе отырып, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру іс-шараларын жалғастыруда.

Іс-шаралар барысында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, «Спира Берга» ЖШС, Мемлекеттік кіріс департаменті, «Белкамит» ЖШС, Медеу ауданы әкімінің аппараты, «КазТрансГаз-Алматы» ЖШС, Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы, Әуезов ауданының халыққа қызмет көрсету орталығы, сонымен қатар Бостандық және Әуезов аудандарының мемлекеттік кіріс басқармаларында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының бірінші 15 қадамындағы кәсіби мемлекеттік аппарат құру  мен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі тетіктерін жүзеге асыру жөнінде Департамент қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары   өткізілді. Сондай-ақ, ауқымды дәрісханаға арналған, жергілікті мемлекеттік органдар бос жұмыс орындары туралы жариялаған ақпараттарды іздеу жүйесі Департамент қызметкерлерімен танысу болды. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасағысы келген әр азамат Департамент сайтында almaty-anticorruption.gov.kz домен арқылы керекті бос жұмыс орынды ҚР заңнамасына сәйкес іздестіре алады.

Абай-ақпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1211
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2735
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 871
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 826