Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 4584 0 пікір 11 Қыркүйек, 2015 сағат 09:56

ТҮРМЕДЕ «ҮКІМЕТ ҚҰРАТЫН» ЖАҒДАЙҒА ЖЕТТІК

Бүгінде әкім деген атау қылмыскер деген сөздің баламасы секілді болып естіледі. Екі күннің бірінде әкімдер (мемлекеттік қызметкерлер) мен ұлттық компаниялардың басшылары топ-топ болып түрмеге тоғытылып жатыр.

Жуырда бір саясаткер: «Мемлекеттік қызметкерлердің көп сотталғаны соншалық, түрмеден тағы бір үкімет құру керек сияқты» – депті. Ащы да болса шындық. Осыны көріп отырып, «мемлекеттік қызметкер» деген атауды өзгерту керек шығар деп ойлайсың. Заңды бұзғыш шенеуніктер тек өздерін ғана масқаралап қоймай, «мемлекеттік қызметкер» деген атаудың қадірін кетіріп жүргені әркімге аян. Мемлекеттің тірлігін түзейді деген адамның қылығы сондай болса, ол кімге үлгі? 

Оның үстіне қазір пара алғандар мен қоғам қаржысын жымқырғандар бас бостандығынан айырылмай, айыппұлмен ғана құтылатын заң енгізілгелі бері, шенеунік шіркіндердің арандары тіпті ашылып кеткен секілді.

Осыдан тура бір ай шамасында Қостанай қаласы әкімінің екі орынбасары Мақсұт Қалиев пен Фрунзик Аракелян араларына үш күн салып тұтқындалған болатын. Аракелянға 300 мың теңге көлемінде пара алып, қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылса, Қалиев Гагик Ованян деген кәсіпкерден 13 миллион теңге пара алған дейді.

Қараңызшы, Қазақстан үшін Аракелян дегендер кім? Құдайға күнәлі болсақ та айтайық, бұлардың көбі кеше ғана базарда кәуәп сатып жүргендер. Қазақстанның тарихынан, салт-дәстүрінен хабарсыз аракеляндарды елдің ертеңі деген түсініктің құны бір-ақ тиын. Оған қалтасын толтырып алса болды. Сонда бұл адам қалай мемлекеттік қызметке барған? Кім оны тағайындаған? Жарайды, ол ұсталды делік. Бірақ ертең оның орнына тағы да бір аракелян келмесіне кім кепіл? Және оларды тағайындайтын жоғарыда отырған сол баяғы өзімздің парақор қандастарымыз. Оларға ақша берсе болды, қытайдың жұмысшысын да әкеліп тағайындай салады.

Сөйтіп, екі орынбасары бірдей ұсталып жатқанда, Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжановтың өзі не болар екен деп жүрген еді халық. Кеше Ахметжанов мырзаның да қамалғанын білдік.

Осының барлығын біреуді табалағалы жазып отырған жоқпыз. Қараңыздаршы, парақор шенуніктердің кесірінен 220 мыңнан артық халқы бар Қостанай қаласы бір-ақ күнде басшысыз қалды. Бұл облыс үшін төтенше жағдай деуге болады. Себебі күніне жүздеген адам шаруаларын айтып әкімдікке барады. Қаланы басқаратын үш бірдей шенеунік түрмеде жатса, олардың мәселесін кім шешіп береді сонда? Яғни, Қостанай қаласының әкімдігі алдағы бірер айға біржола жансызданады деген сөз. Бұл монша қуып, буға түсіп жүрген облыс әкімі Нұралы Сәдуақасовты неге ойландырмайды дейсің.

Сайлау Байбосын, Қостанай облысы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475