Сенбі, 17 Мамыр 2025
Міне, әңгіме! 6675 0 пікір 4 Қыркүйек, 2015 сағат 14:14

КАРИМОВ ЕЛ БИЛІГІН КІМГЕ ТАПСЫРАТЫНЫН АЙТТЫ

Осы жылдың сәуір айында Өзбекстан президенті Ислам Каримов «Көксарайда» (Дурмень) өткен өзбек шенеуніктерінің шағын жиынында өзінің саяси мұрагерін жариялаған, – деп хабарлайды tribunakz.com сайты.

Ислам Каримовтің  бұл шешімін алғаш болып Рустам Иноятов, Адхам Ахмедбаев, Шавкат Мирзияев және Рустам Азимов сынды шенділер естіген.

Ислам Каримов кез-келген адам ерте ме, кеш пе қартаятынын, мүмкіндігі шектелетінін айта келіп: «Мен бұл заңдылыққа қарсы тұра алмаймын. Сондықтан мұндай жағдайға дұрыс баға беріп, өзіме жағымсыз болса да дұрыс шешім қабылдауым керек», – деген.

Ол алдағы бес жылда, яғни келесі президенттік сайлауда өз орнын анағұрлым жас, күш-жігері қайтпаған адамға беретінін айта келіп: «Мен президенттік орынға лайық деп тапқан адам Сіздердің де көңілдеріңізден шығады деп ойлаймын», – деген.

«Менің ойымша президентіктің мерзімім аяқталғанға дейін Лоланы біртіндеп осы миссияға дайындай беру керек. Бұған Сіздер қарсы бола қоймассыздар», – деген өзбек президенті өзінің кіші қызының атын атап.

Лола Каримова – Өзбек президенті Ислам Каримовтың кіші қызы. Ал, Ислам ака мен үлкен қызы Гүлнар Каримованың арасы жақсы емес.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2684
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4395