Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4648 0 пікір 3 Қыркүйек, 2015 сағат 09:46

Оңтүстік Қазақстандағы кластерлік сектор өз жемісін беруде

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Облыс басшысы арнайы экономикалық аймақтарда жылдар бойы атқарылған жұмыстар нәтижесін бере бастағанын, өндірістік қуаттылықтың артқанын атап өтті. «Индустриалды аймақтар үлкен әлеуетке ие. Осы жылдарда істелген жұмыстар елеулі нәтижелер бере бастады. Енді осы қарқынды арттыра түсу қажет», -- деді Б.Атамқұлов.

«Оңтүстік» ИА-да жалпы құны 66 млрд. теңгені құрайтын 128 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 18,5 млрд. теңгені құрайтын 36 жоба қазірдің өзінде іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 2 782 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда келешекте жалпы құны 81.67 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобалар іске асырылып, 6 мың жаңа жұмыс орыны ашылады деп күтілуде. Осы индустриалды аймақ ашылғалы бері мұнда 53 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, бюджетке салықтық түсімдер ретінде 3,5 млрд. теңге құрылды.

Бүгінгі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 22.6 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі компания жұмыс жүргізеді. Мұнда 1 445 жаңа жұмыс орыны ашылған. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында кілем тоқитын, жіп иіретін, гофралық картон, қағаз өндіретін, мақта талшығы мен мақта целлюлозасын шығаратын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Айта кетейік, бұл тауарлардың барлығы еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып, шетелдік нарыққа шығарылуда.

 Дайындаған Айдар ҚҰЛЖАНОВ.

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377