Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4303 0 пікір 3 Қыркүйек, 2015 сағат 02:00

ОҚО: БАҒА НЕГІЗСІЗ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Облыста бағаны тұрақтандыру мақсатында арнайы штаб құрылып, iс-шара жоспары жасалып, жұмыс жүргiзiлуде. Штабта 4 жұмыс тобы бар. Қазiрге дейiн iрi базарлардың, сауда орындарының, дәрiханалардың басшыларымен мәжiлiс өткiзiлiп, бағаны негiзсiз көтермеуге байланысты 458 меморандумға қол қойылған. Бұл туралы «Оңтүстiк» баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасының басшысы Арман Абдуллаев мәлiмдедi.

– Бүгiнде әлем экономикасы күрделi жағдайды бастан кешiп отырғаны белгiлi. Бұл үдерiстер бiздiң елiмiзге де өз әсерiн тигiзбей қоймағаны анық. Үкiмет ел экономикасының одан арғы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн теңге бағамының еркiн айналымын қамтамасыз ету сияқты нақты қадамдарға барып отыр. Теңгенiң нарықтық бағамын қалыптастырмайынша елiмiздiң iшкi жалпы өнiмiнiң көлемi төмендейтiнi, отандық кәсiпорындардың экспорттық мүмкiндiктерi шектелетiнi анық, – дедi Арман Айдарұлы.

Оның айтуынша, теңге бағамының өзгеруi отандық тауарлардың бағасына әсер етпеуi тиiс. Сондықтан бағаның негiзсiз өсуiне жол бермеу үшiн мониторингтi күшейту мақсатында облыс бойынша мобильдiк топтар құрылған. Олар күнделiктi сауда нүктелерiндегi нақты жағдайды айқындап отырады.

– Осындай топтар барлық аудан мен қалаларда құрылып отыр. Шымкент қаласында күнделiктi 15 iрi базар мен 110 iрi және орта сауда орындарында, сонымен қатар 120 жанаржағармай бекетiнде мониторинг жүргiзiлуде, – дедi А.Абдуллаев. – Сонымен қатар, облыста бiлiм беру, денсаулық сақтау мекемелерiнiң саны мен сапасын арттыру арқылы тұрғындардың әлеуметтiк жағдайын жақсарту мақсатында да жұмыстар атқарылуда. Халыққа бiрiншi кезектегi қажеттi әлеуметтiк нысандардың құрылысы тоқтап қалмау үшiн, құрылыс материалдарын өндiрушi кәсiпорын және мердiгер мекемелердiң басшыларының қатысуымен арнайы мәжiлiс өткiзiлiп, негiзсiз баға өсiмiне жол бермеу үшiн 37 меморандумға қол қойылды.

Брифинг барысында облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Исмаилбек Шалабаев облыс бюджетiнiң орындалу барысы жайлы мәлiмет берiп, теңге бағамының еркiн айналымға жiберiлуi бюджеттiң кiрiс бөлiгiне және әлеуметтiк мiндеттемелердi орындау барысына айтарлықтай әсер етпейтiнiн айтты.

– Облыс бойынша биылдың алғашқы 8 айында мемлекеттiк бюджетке 133,3 млрд. теңге түстi. Оның iшiнде жергiлiктi бюджетке, яғни облыстық, аудандық, қалалық бюджеттерге түсетiн салықтар мен басқа да түсiмдердiң жоспары 6,8 пайызға артығымен орындалды. Облыстың әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiнiң жетi айдағы болжамданған жоспарларының орындалуы салықтар мен түсiмдердi бюджетке дер кезiнде түсiруге мүмкiндiк берiп отыр. Қазiргi кездегi дағдарыс жағдайына қарамай облыс бюджетiнiң түсiмдер жоспары өз мерзiмiнде орындалуда, – дедi Исмаилбек Ыбырайұлы.

Айдар ҚҰЛЖАНОВ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377