Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2633 0 пікір 21 Мамыр, 2010 сағат 13:38

Қазақстандық волейболшылар Иранда жастар арасындағы Азия чемпионатында Аустралия командасынан ұтылып қалды

Алматы.21 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстандық волейболшылар Иранда жастар арасындағы Азия чемпионатында Аустралия командасынан ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚР волейбол федерациясы.

9-10 орын үшін матчта олар Аустралия командасынан 0:3 (22:25, 28:30,23:25) есебімен есе жіберді.

Еске сала кетейік, қазақстандық волейболшылар бұған дейінгі ойындарда Тайланд құрамасынан 2:3 (24:26, 25:23, 24:26, 25:22, 9:15), Үндістаннан - 0:3 (19:25, 18:25, 18:25), Жапония командасынан 0:3 (16:25, 23:25, 22:25) Тайвань құрамасынан - 2:3 (25:17, 29:31,25:22, 14:25, 13:15) есебімен ұтылып қалды.

Жастар арасындағы Азия чемпионатының медальдары үшін Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея мен Қытай таласады.

Ал Малайзия астанасы Куала-Лумпурда қыздар арасында Азия чемпионаты жалауын көтерді, оған Қазақстанның жастар құрамасы қатысады.

Спортшы қыздарымыз «А» тобында Малайзия мен Сингапур спортшыларымен шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасы алғашқы матчын бүгін, 21 мамырда алаң иелері - Сингапур командасымен өткізеді.

0 пікір