Жұма, 15 Мамыр 2026
Жаңалықтар 4724 0 пікір 4 Тамыз, 2015 сағат 11:41

BRENT МҰНАЙЫНЫҢ БАҒАСЫ $50-ДАН ТӨМЕН ТҮСТІ

Мұнай нарығында теріс динамика сақталуда, тамыз айы «қара алтын» бағасының одан әрі құлдырауымен басталды, деп хабарлайды Bnews.kz. 

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI мұнайының қыркүйек айындағы фьючерстері 4,1%-ға, барреліне 45,17 доллар шамасына дейін түсті. Техастық марка үшін бұл осы жылдың наурыз айынан бергі ең төмен деңгей саналады. 

Құрлықаралық биржада (ICE) Brent мұнайының фьючерстері 5%-ға, барреліне 50 доллардан да төмен түсті. Солтүстік теңіз қоспасы үшін бұл биылғы жылдың қаңтарынан бергі ең төмен көрсеткіш болып отыр. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2740
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1858