Әсел Назаралы. Қостанайда орман өртіне қарсы орындалуы тиіс шара шаш-етектен.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылық комитеті Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп, соңғы жылдары облыс ормандарын қорғауды жақсарту жөнінде белгілі бір жұмыстар атқарды.
Мәселен, Қостанай облысының ормандарын авиациямен қорғауды жүзеге асыруды қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғайып келеді, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) ақылы қызметтер көрсету және орман өнімін өткізу есебіне арнаулы шоттар қалыптастыру мүмкіндігі берілген. Осы іс-шаралар мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға мүмкіндік берді.
Солай бола тұра мемлекеттік мекемелерді қаржыландырудың, оның ішінде өртке қарсы іс-шараларды қаржыландырудың көлемі жыл сайын ұлғаюына қарамастан үлкен алқаптарда орман өрттерінің шығуына жыл сайын жол беріліп келеді, бұл ретте өрттер алқаптары 2008 жылы - 2525 га,
2009 жылы - 1407 га, ал үстіміздегі жылғы өрт қаупі бар маусымы басталғаннан бері мемлекеттік орман қорының өрт шалған алқабы 29 га болды.
Қостанай облысының мемлекеттік мекемелерінде орын алған ірі орман өрттеріне талдау жасау барынша көп алқапты - 70 пайыздан астамын дала өрттерінің мемлекеттік орман қоры аумағына ұласуы себепті және ауыл шаруашылығы егістіктерінің аңыздықтарын жағудан шығатын орман өрттері құрайды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті үстіміздегі жылғы сәуір айында Пригородный және Михайлов мемлекеттік орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде тексеру өткізді. Нәтижесінде мұндағы негізгі проблемалық факторлар ормандарды өртке қарсы жабдықтаудың бас жоспарларының болмауы, орман орналастыру материалдарында көзделген өртке қарсы іс-шараларды (өртке қарсы жыралар, минералдандырылған жолақтар қазу және оларға күтім жасау, мемлекеттік мекемелердің толық көлемде орындамауы болып отыр. Мәселен, тексеру болған күні жоғарыда көрсетілген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде минералдандырылған жолақтарды, өртке қарсы жыраларды жаңарту іс-шаралары жүргізілмеген. Сондай-ақ өрт бақылау мұнаралары жеткіліксіз, мемлекеттік орман күзеті штаттарымен мемлекеттік мекемелердің толық жасақталмаған. Ал Михайлов орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіне күзет нормативіне 24 орманшы жетіспейді, мемлекеттік орман күзеті кордондармен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің орман өрттерін сөндіруді ұйымдастыру және сөндіру тактикасы мәселелері бойынша дйындық нашар. Өрт қаупі бар кезеңде орман күзетінің айналымдарды қарауылдауының жер схемасы жоқ.
Сонымен бірге тексерілген мекемелерде тұрақты жер пайдалану құқығына мемлекеттік актілердің жоқ екені анықталды.
Осы айтылғандарға байланысты Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қостанай облысы әкімдігіне облыс бюджетінде тұрақты жер пайдалану құқығына мемлекеттік актілер алуға қаражат ескеруді, орман орналастыру материалдарында жоспарланған өртке қарсы іс-шараларды облыстың мемлекеттік мекемелерінің жүргізу жайын талдауды, Михайлов мемлекеттік мекемесін орман күзетін материалдық техникалық ресурстармен жарақтандыруды ескеруді, орман шаруашылығы мамандарын орман өрттерін сөндіру мәселелері бойынша кәсіби даярлауды және оқытуды қамтамасыз етуді, «Орман өрттерін, сондай-ақ өрт сөндіретін мемлекеттік мекемелер құрылмаған елді мекендерде өрттерді сөндіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 маусымдағы № 542 қаулысына сәйкес халықтың өртке қарсы ерікті құрамаларын құруды, ауыл шаруашылығы жерлерінде аңыздық алқапты және өзге өсімдік қалдықтарын жағуды, орман қорына іргелес аумақтарда шөптесін өсімдіктерді өртеуді шаруа қожалықтары мен өзге ауыл шаруашылығы ұйымдарының өткізуіне бақылауды күшейтуді, ормандарды өрттерден қорғауды қамтамасыз ету және атап өтілген кемшіліктерді жою жөнінде нақты шаралар қолдануды тапсырды.
Қолданылған шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігіне 1 маусымға дейін ақпарат берілетін болады.