АҚМОЛАДА 16 ЖАСАР БАЛА ЗЕЙНЕТКЕРДІ ЗОРЛАМАҚ БОЛДЫ
Ақмола облысында жантүршігерлік жағдай орын алды. 8 сынып оқушысы зейнеткерді соққыға жығып, зорламақ болған деп мәлімдеді құқық қорғау органдарына сілтеме жасаған nur.kz жаңалықтары.
Оқыс жағдай 29 шілде күні түнде аймақтың елді мекенінде болған. “Бейтаныс жеткіншек 1935 жылғы кейуананың үйіне басып кіріп, соққыға жыққан. Зейнеткерді сол жерде зорламақ болған. 1999 жылғы 8 сынып оқушысы күдікті ретінде құрықталды”, – дейді дереккөз.
Бұған ұқсас жағдай 24 маусым күні Шығыс Қазақстан облысында да болыпты. Осы облыстың Шемонаиха қаласында 18 жастағы колледж студенті 75 жастағы кейуананың үйіне басып кіріп, оны зорлап кеткен.
Абай-ақпарат