Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5310 0 пікір 31 Шілде, 2015 сағат 10:56

ОЛИМПИАДА ӨТКІЗУГЕ ҮМІТКЕР ҚАЛА АЛМАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Малайзияның Куала-Лумпур қаласында  2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге Алматы қаласының таныстырылымы өтіп жатыр. Онда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ағылшын тілінде барлық қатысушыларға сәлем жолдаған.

ҚазАқпарат жазғандай, таныстырылым рәсіміне ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Темірхан Досмұхамбетов, бокстан Олимпиада чемпиондары Ермахан Ыбырайымов, Серік Сәпиев, Шаңғы спортынан Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов, конькиден әлем чемпионы Денис Кузин, Сочидегі қысқы Олимпиаданың жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен, танымал волейболшы Сабина Алтынбекова және т.б. қатысты.

Салтанатты рәсімнің соңында сөз алған Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Алматы қаласының таныстырылымы жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, ұйымдастыру комитетіне ризашылығын білдірген. 

Еске сала кетейік, әлемдік маңызға ие айтулы спорт додасын өткізу үшін әуел баста әлемнің оншақты елі өз өтініштерін білдірген. Алайда, уақыт өте келе көпшілігі өтінімдерін кері қайтарып алды. Соңында екі қала - Алматы мен Қытай астанасы Бейжің қалалары үміткер ретінде қалды.

Айта кетейік, сағат 09:55-10:55  аралығында  Бейжің қаласының өтінімінің таныстырылымы өтеді. Ал 15:30-16:00 аралығында  ХОК  2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары өтеді деп шешкен астана-қаланы жариялайды.  Шараларды «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1092
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 764
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730