Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6844 0 пікір 24 Шілде, 2015 сағат 12:24

АЛТЫНБЕКОВА ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ БОЛДЫ

Волейболшы Сабина Алтынбекова ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі атанды. Бұл туралы Tengrinews.kz өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Ұлттық комиссия 1998 жылы әйелдердің, балалар мен отбасылардың жағдайын жақсартуға қатысты тиімді шараларды қолға алу жөніндегі консультациялық-кеңестік орган ретінде құрылған, сонымен қатар, ол отбасы мүддесін қорғау, еліміздің мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық саласына қатысушы әйелдерді қажетті жағдаймен қамтамасыз етумен айналысады.

Сабина Алтынбекова басылымға берген сұхбатында "Бұл үшін өте қуаныштымын, себебі мен патриотпын. Еліме пайда әкелгім келеді", - деді. Ол сонымен қатар 6 наурыз күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуінен алған әсерімен бөлісті. "Жаттығу кезінде Президент аппаратынан қоңырау келіп түскенде, қалжың екен деп ойладым. Басында қатты толқыдым, бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы адамды бірден бауырына тартады.  Ол спортты тастамауға, ұлы мақсаттарға ұмтылуға, жарамсақтық сөздерге барынша назар аудармауға кеңес берді, әсіресе ол ер адамдар тарапынан айтылса", - деді Алтынбекова.

Айта кетер болсақ, 18 жастағы Сабина Алтынбекова өзінің сұлулығымен Азияда 2014 жылы танымал болды. Ол Қазақстанның волейболдан әйелдер құрамасында ойнайтын жалғыз қазақ қызы.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371