Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4611 0 пікір 22 Шілде, 2015 сағат 13:52

АСТАНА ХАЛҚЫ 9 МЫҢҒА АДАМҒА КӨБЕЙДІ

Астана әкімдігінің хабарлауынша, биылғы маусым айының 1-іне дейін қала тұрғындарының саны 860 мың адамнан асқан. Яғни, жыл басынан бері Астана халқының саны тоғыз мың адамға көбейген. Бұл туралы Азаттық жазды.

2015 жылдың қаңтар-мамыр айларында қалада 10 мыңнан аса бала дүниеге келген. Бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,6 пайызға көп.

Биылғы жылдың алғашқы бес айында Астанада 1600-ге жуық адам қайтыс болған.

Айта кетер болсақ, Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.

Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.

 

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404