ХАНДЫҚТЫҢ 550 ЖЫЛДЫҚ ТОЙЫ ӨТЕР КҮН БЕЛГІЛЕНДІ
Бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-нің брифингінде ҚР Үкіметі басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты шаралардың өтетін уақытын мəлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Биылғы жыл еліміз үшін айтулы мерейтойларға толы болып отыр. Солардың ішінде Қазақ хандығының 550 жылдығын абыроймен өткізу өте маңызды. Аталған тойдың басты шаралары Астана мен Тараз қаларында өтеді. Қыркүйектің 11 күні Астанада жəне қазан айының 9 күні Таразда үлкен той өткізу жоспарланған. Бұл үшін ҚР Үкіметі тарапынан кешенді шаралардың жоспары жасалды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары пысықталуда",- деген мәлімдемесінде Б.Сапарбаев.
Абай-ақпарат