Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 6034 0 пікір 1 Шілде, 2015 сағат 09:30

МӘСКЕУДЕ ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ КІТАП ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ (ФОТО)

Кеше Мәскеу қаласында «СОЗИДАТЕЛЬ. Нурсултан Назарбаев: взгляд из России» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді. ҚР СІМ-нің қолдауымен жарыққа шыққан жинақтың таныстырылымына ТМД және бірқатар Еуропа дипломатиялық миссиясының өкілдері қатысты. 

Ресейдегі Қазақстан елшілігінің бастамасымен жарыққа шыққан 400 беттен тұратын жаңа жинақтың тұсау кесерінде осы елдегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Марат Тәжин Ресейдің мәдени, ғылыми элитасы Н.Назарбаевпен кездескендегі өз пікірлерін жинаққа жазып беруге келісіп қана қоймай, Н.Ә.Назарбаевтың саяси көшбасшы ретіндегі феномені туралы ой толғамдарымен бөлісуге дайын болғандығы айрықша әсер еткенін жеткізді. 

Осы орайда М.Тәжин Н.Ә.Назарбаев көшбасшылығының факторы стандартты саяси модельдер қалыбына сыймайтын бірегей тарихи феномендігінде екенін айтты. Бұл жерде жеке қасиеті, лидерлік стилі, өзгерген тарихи жағдайды да айтуға болар. 

Жинаққа қатысқан публицистердің ішінде шығармашылық одақ, ірі басылым жетекшілері, жоғары награда кавалерлері мен мәртебелі сыйлықтардың лауреаттары: Всеволод Богданов, Владимир Губарев, Рафаэль Гусейнов, Валерий Симонов, Юрий Батурин, Кирилл Привалов, Леонид Млечин, Николай Долгополовты айтуға болады. 

Н.Назарбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған құттықтаулар және Елбасының өзіне тікелей айтылған арнаулар кітапта жеке бөлім болып басылған. Авторлар арасында Ресей парламентінің спикері Валентина Матвиенко және Сергей Нарышкин, РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу, ЕАЭК алқа төрағасы Виктор Христенко, ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа, Татарстан басшысы Рустам Минниханов, Башқұртстан басшысы Рустэм Хамитов, Дағыстан басшысы Рамазан Абдулатипов бар. 

Сондай-ақ, мерейтойға байланысты өз құттықтауын: ғарышкер-ұшқыш Алексей Леонов, суретші Зураб Церетели, «ЛУКОЙЛ» президенті Вагит Алекперов, «Аргументы и Факты» газетінің бас редакторы Николай Зятьков, РФ СІМ Дипломатиялық Академиясының ректоры Евгений Бажанов, «РОСНАНО» компаниясының басшысы Анатолий Чубайс, Ресей Муфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин, Ресейдің танымал әртістері: Юрий Григорович, Александр Калягин, Валерий Гергиев, Юрий Башмет, Владимир Спиваков, Сергей Шакуров, композитор Игорь Крутой, спортшы Елена Исинбаева және Ринат Дасаев сынды тұлғалар да жолдаған. 

Сондай-ақ, кітаптың тұсаукесерінде Қазақстан Президентінің өзін мойындатқан әлемдегі көшбасшылардың бірі болуына ықпал еткен оның жан-жақты қайраткерлігі мен жеке тұлғасының ауқымдылығы айтылды.

Салтанатты жиынның жарқын сәті ретінде, кешті қорытындылаған шара РФ Журналистер Одағының ең жоғары наградасы «Еңбегі үшін» белгісінің Н.Назарбаевқа берілуін айтуға болады. 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282