ЕЛБАСЫ ДОСТАРЫ МЕН ТУЫСТАРЫНА ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев достары мен туыстарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. 1 шілдеде сағат 21.30-да "Хабар" және КТК арналарынан "С Назарбаевым о главном" атты деректі фильм көрсетілмек.
Ақорда баспасөз қызметінің Instagram аккаунтында фильмнің қысқаша аңдатпасы жарияланған. "Мен туыстарыма, достарыма, балаларыма сот жоқ дегеннің болмайтынын айтамын", - дейді Назарбаев.
Тағы бір үзіндіден билік туралы да айтылғанын аңғаруға болады. "Мен әңгіменің не жайында екенін, президенттік билік тікелей мықты дейтіндерін білемін", - деді Президент.
Келесі бір үзіндіде билік туралы әңгіме жалғасын тапты. "Партиялар күресіп, халыққа бағдарламаларын көрсетіп, өз адамдарын көтермелесін", - деді ол.
Abai.kz