УКРАИНА ҮКІМЕТІ: ЯНУКОВИЧ ЕЛГЕ ҚАЙТА АЛАДЫ
Украина үкіметінің баспасөз қызметі Януковичтің BBC арнасына жуықта берген сұхбатына қатысты реакциясында: «Еегер Янукович өзінің кінәсіздігіне сенімді болса, Киевке оралып, сот мекемесінде өзінің кінәсінің жоқтығын дәлелдей алады» деп мәлімдеді. Бұл туралы kazakh.irib.ir сайты жазды.
Янукович BBC арнасына берген сұхбатында тіпті өз үкіметіне қарсыластарға қарай оқ атуға жеке өзінің бұйрық бермегенін, бірақ үкіметінің құлауына дейін қақтығыстарды болдырмау үшін лайықты талпыныс жасағанын айтқан еді. Ол сонымен бірге кемінде жүз адам қаза болған Киевтің «Тәуелсіздік» алаңындағы қатыгездіктерге қатысты жауапкершілігін теріске шығармайтынын да айтқан болатын.
Еске сала кетсек, Януковичтың президенттік мәртебесі 17 маусымда ресми түрде заңмен алынып тасталды.
Абай-ақпарат