Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4466 0 пікір 28 Маусым, 2015 сағат 01:27

АРМЕНИЯДА ЭЛЕКТРДІ ҚЫМБАТТАТУ ТОҚТАТЫЛДЫ

Армения президенті электр бағасын қымбаттату туралы қаулының күшін жойды. Бұл туралы  BBC жазды.

Ел президенті Серж Саргсян ел үкіметінің уақытша барлық шығындарды өз мойнына алатынын, бұл уақытта "Армения Электросеті" компаниясының тексерілетінін мәлімдеген.

Естеріңізге салатын болсақ, Арменияда электр энергиясының 1 тамыздан бастап 16 пайызға қымбаттауы туралы 17 маусымда шешім қабылданған болатын. Бұған 19 маусымнан бастап ел Астанасы Ереванда қарсылық шаралары өте бастап еді. Бұл өз кезегінде басқа да қалаларға ұласып, жалпы халықтық толқу туғызды. Олар, электр энергиясы тарифінің қымбаттауы тоқталмайынша демонстрацияларды тоқтатпаймыз деген.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338