РЕСЕЙДЕ НАШАҚОРЛАР САНЫ 146 ЕСЕГЕ ӨСТІ
Ресей елінде есірткіге тәуелді адамдардың саны 90-шы жылдардың соңынан бері 146 есеге өсті. ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, Ресей есірткі айналымын бақылау бойынша Федералдық қызметтің директоры Виктор Иванов осындай мәлімет таратқан.
«80-ші жылдардың соңында нашақорлар саны 50 мың адам болған. Нашақорлық болмаған деп айтуға болады. Бүгін, біздің есептеуіміз бойынша, есірткі тұтынушылардың саны біртіндеп төмендеп келеді. Егер бір-екі жыл бұрын есірткіні үнемі немесе кейде пайдаланғандардың саны 8 миллион адам болса, қазірде олардың саны 7,3 миллионды құрап отыр», - деп мәлімдеген Иванов.
Иванов есірткіні тұтыну өсімінің негізгі себебі ретінде әлсіз шекаралық режимді атаған.
Абай-ақпарат