ПӘКІСТАНДА ЫСТЫҚТАН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР САНЫ 800-ГЕ ЖЕТТІ
Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап BBC хабарлады.
Хабарға сай, Ыстықтың ең құрбандары аталған елдің Карачи қаласына тиесілі. Онда 780 адам қайтыс болған. Сондай-ақ ауруханаға түскендер саны көп.
Елдің оңтүстік жағында температура цельсий шкаласымен 45 градусқа дейін жеткен.
Премьер-министр Наваз Шариф арнаулы әскери қосын ыстықтан зардап шеккен адамдарды арнайы орталықтарға орналастыруға көмектесетінін мәлімдеді.
Мамыр айында Пәкістанға көрші ел Индияда 1500-ден астам адам ыстық құрбаны болып еді.
Абай-ақпарат