Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4829 0 пікір 24 Маусым, 2015 сағат 16:58

Б.БАЙБЕКТІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН «НҰР ОТАН» РФ-ҒА РЕСМИ САПАР ЖАСАДЫ

«Нұр Отан» мен  «Единая Россия»

өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы Келісімге қол қойды

 

23 маусымда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің басшылығымен «Нұр Отан» партиясы делегациясының Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары басталды. Екі жақты кездесу барысында Мәскеуде «Единая Россия» бүкіл ресейлік саяси партиясының басшылығымен екі билеуші партияның арасындағы өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы Келісімге қол қойылды.

 

Ресми сапарының бірінші күнінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы  Мемлекеттік Думасының Төрағасы Сергей Нарышкинмен кездесті.

Екі жақты кездесу барысында бүгінгі таңда ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федерация Кеңесінің, ҚР Парламенті Мәжілісі мен РФ Мемлекеттік Думасының арасында тікелей өзара іс-қимылдың орнатылғаны, ал, депутаттардың ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ мен ЕҚЫҰ Парламенттік  Ассамблеясы отырыстары шеңберінде жемісті жұмыс жасап  жатқандары атап өтілді. Тараптар екі елдің Парламенті арасындағы байланыстарды әрі қарай да дамытуға ниетті екендерін жеткізді.

Сапар      шеңберінде «Нұр Отан»           партиясының делегациясы «Единая Россия» Бас кеңесінің хатшысы, РФ ФЖ Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Сергей Неверовпен жүздесті.

Кездесу барысында Бауыржан Байбек «Нұр Отан» мен «Единая Россия» партияларының билеуші болып табылатынын және өз елдеріндегі заңнамалық органдарда көпішілік дауысқа ие екенін атап өтті. Сонымен бірге партияларды «Нұр Отан» Доктринасындағы, сондай-ақ «Едина Россияның» ресми тұғырнамасында белгіленген орталықшылдық идеологиясы мен ортақ консервативтік құндылықтар біріктіреді.

Тараптар біздің елдеріміздің арасындағы партияаралық және парламентаралық әріптестіктің қарқынды дамуының Қазақстан мен Ресейдің өзара тиімді әріптестігінің нығаюына ықпал ететініне тоқталды.          
           Сапар шеңберінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары  Бауыржан Байбек, сондай-ақ РФ Мемлекеттік Думасындағы «Единая Россия» партиясы фракциясының жетекшісі, РФ ФЖ Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Владимир Васильевпен жүздесті. 

Ресейлік әріптестерімен кездесуі барысында Бауыржан Байбек Қазақстан Президенті, партия Лидері Н.Ә.Назарбаевтың партияның ХVІ Сьезінде жария еткен Бес институтционалдық реформасын, сондай-ақ қабылданған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асырудағы «Нұр Отан» партиясының рөлін атап өтті.

Өз кезегінде  «Единая Россия» партиясы фракциясының жетекшісі, Мемлекеттік Думаның вице-спикері Владимир Васильев партиялар арасындғы ашық және сенімді қарым-қатынастарды жоғары бағалады.

«Біз ресейлік-қазақстандық өзара іс-қимылдың деңгейі мен жемісті сипатын көрсететін, «Единая Россия» «Нұр Отан» партиясының  арасындағы қалыптасқан ашық және сенімді қарым-қатынастарды жоғары бағалаймыз», - деп атап өтті В.Васильев.

Осы ретте, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек биылғы жылы Қазақстанның ТМД-ға төрағалық ететінін және елдердің арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылды әрі қарай тереңдете түсуге ықыласты екенін жеткізді.

«Ресей Қазақстан үшінбауырлас ел, бейбіт көрші және стратегиялық серіктес. Биылғы жылы Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының осыдан жиырма жыл бұрын жариялаған идеясын шындыққа айналдырған – Еуразиялық экономикалық кеңес бастау алды.  Бірігудің ғаламдық тәжірибесі күш-жігерді біріктірудің ұзақ мерзімді экономикалық дивидендтер әкелетінін және халықтың әл-ауқатын көтеретінін көрсетіп отыр», - деді Б.Байбек.

Ресей парламентшілері атаулы күндерді мерекелеу  бойынша  бірлесіп жұмыс жасаудың қажет екенін жеткізді, олардың қатарында Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығы да бар. Сонымен бірге Федералдық Кеңестің Халықаралық істер бойынша комитеті басшысының орынбасары А.Климов «Қазақ Хандығының 550 жылдығының біздің халқымыздың тарихындағы маңызды кезеңі болып табылатынын және осы айтулы  оқиғаны назардан тыс қалдырмайтындарын» атап өтті.

Осы күні «Нұр Отан» партиясы мен «Единая Россия» бүкіл ресейлік саяси партиясы арасында өзара іс-қимыл мен әріптестік туралы Келісімге қол қойылды.  

Аталған Келісім «тәуелсіздік, теңдік, өзара құрмет пен бір-бірінің ісіне араласпау негіздері мен қағидаттарына сүйеніп жасалды. Өйткені, партиялық байланыс қазақстандық-ресейлік қарым-қатынастардың маңызды құрамды бөлігі болып табылып, ортақ мүдде үшін олардың тұрақты дамуына ықпал етуді көздейді».  

Билеуші партиялардың арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерінің қатарында – партия құрылысы саласындағы тәжірибесімен бірін-бірі таныстыру, партиялық жобаларды, ұйымдастыру жұмыстарын, бақылау-ревизиялық қызметті, кадрларды оқыту мен дайындауды іске асыру, мемлекеттік биліктің өзара ортақ мүддені танытатын заңнамалық органдардың қызметіне,  жастар саясатына, халықаралық байланыс пен басқа да салаларға да қатысуы бар.

Сонымен қатар келісімде тараптардың партияның оқыту құрылымдары арасындағы тәжірибе алмасуға, сондай-ақ, «достық пен көршілікті нығайту, жастарды патриотизм мен еңбексүйгіштікке баулу мақсатында, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты мен «Молодая гвардия Единой Россий»  бүкіл ресейлік қоғамдық ұйымының арасындағы әріптестікті дамытуға ықпал ететіні айтылған.

Тараптар партия басшылығы делегациясы сапарының алмасуы туралы келісті. Мысалы, 2015-2016 жылдары «Единая Россия» бүкіл ресейлік саяси партиясы басшылығы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары  жоспарланған, 2017 жылы «Нұр Отан» партиясы басшылығы делегациясы Ресей Федерациясына сапарлап барады.

Сапар барысында делегация мүшелері «Единая Россия» партиясының Орталық атқару комитетінің жетекшілерімен, «Молодая гвардия Единой России» басшылығымен кездесіп, партияның Мәскеу қалалық өңірлік бөлімінің жұмысымен танысты. 

Делегация құрамында – «Нұр Отан» партиясы Саяси Кеңесі Бюросының мүшесі Анатолий БАШМАКОВ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшесі Қайырбек Сүлейменов, «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Нұрлан Сыдықов, партияның Саяси менеджмент мектебінің директоры Әсет Әбдуалиев бар.

 Анықтама үшін: :

«Единая Россия» бүкіл ресейлік саяси партиясы үш партияның бірігуінің негізінде 2001 жылы құрылды: "Единство", "Отечество" және "Вся Россия". 2003 жылдан бері Ресейдегі билеуші партия. 2012 жылдың мамырынан партия Төрағасы – Дмитрий Медведев. Бүгінгі күні партияның 2 млн 113 мың 767 мүшесі бар.  82 631 бастауыш партия ұйымдары  2 595 жергілікті партия бөлімдері бар.  Соңғы сайлау қорытындысы бойынша 2011 жылы партия Мемлекеттік Дума сайлауында 49,3 % дауыс жинап, 450 орынның 238 орнын иеленді. Орталықшылдық пен әлеуметтік консерватизм идеясы партияның ресми тұғырнамасы болып табылады.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371