Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3948 0 пікір 24 Маусым, 2015 сағат 09:46

ЕО ҚР-НЫҢ ДСҰ-МЕН АЯҚТАЛҒАН КЕЛІССӨЗДЕРІН ОҢ БАҒАЛАЙДЫ

Еуроодақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша келіссөздер аяқталғанын оң бағалайды. Бұл туралы Еуроодақ таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап inform.kz хабарлады.

«Еуропалық одақ ұзақ жылдық мақсаттарға қол жеткізуде маңызды рөлге ие болды, енді ДСҰ-ның Бас кеңесі  саяси жағынан бірауыздан мақұлдайтынына сенім артады», - деп атап өтілген ЕО хабарламасында.  Мәлімдемеде айтылғандай, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі екі жақты экономикалық ынтымақтастық жағынан да маңызды болып табылады.

Бұл шешімге сай, Қазақстанға жан-жақты сауда жүйесінің толыққанды мүшесі ретінде ағымдағы жылғы желтоқсанда   өтетін ДСҰ  министрлер  конференциясына қатысуға мүмкіндік алады.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371