Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4343 0 пікір 23 Маусым, 2015 сағат 17:49

АҚШ ЕЛШІСІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ТЫРЫСЫП ЖҮР

«Дипломат ретінде Қазақстан халқын тереңірек білу үшін қазақ тілін жетік білуім керек» дейді Қазақстандағы АҚШ-тың жаңадан тағайындалған Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Альберт Крол.

Nur.kz жазуынша, Елші бұл сөзін Ақордада мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуі алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат бергенде айтқан.

«Қазақ тілін үйренуге тырысып жүрмін. Қазақ тілі құлаққа өте жағымды, әуезді естіледі, өзіндік нәзіктігі бар. Мен дипломат ретінде Қазақстан халқын тереңірек білу үшін қазақ тілін жетік білуім керек. Өйткені, тіл — халықтың жан-дүниесі. Дегенмен, Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан орыс, ағылшын тілінде де еркін тілдесе беруге болады. Бірақ, қазақ тілін білу, түсіну дипломат үшін барынша маңызды», — деген жаңа Елші.

Елші өз сөзінде қазақ тілінде қате сөйлейтіндігінен ұялатындығын айтып, ол кемшілігін түзетуге тырысып жүргендігін жеткізді. Ол сөз соңында БАҚ өкілдеріне қарата қазақ тілінде: «Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ өмір, еңбекте табыс тілеймін», — деген.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371