Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4308 0 пікір 23 Маусым, 2015 сағат 16:12

ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ЖҮЛДЕ АЛҒАН ЖҮЙІРІКТЕРІ

Қазақстан Журналистер одағының басқармасы үздік жұмыстарға республикалық шығармашылық конкурстың қорытындыларын шығарды. Егемен Қазақстан хабарлағандай, 2015 жылғы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығы лауреаттарының атағы БАҚ қызметкерлеріне төмендегі номинациялар бойынша берілді:

1. Репортерлік жұмыс – Биқо­жаева Сәрсенкүлге, Қызылорда­дағы «Ақмешіт ақшамы» газеті­нің бас редакторы; Козина Викто­рияға, «Аргументы и факты –Казах­стан» газетінің тілшісі – қоғамдық-саяси оқиғаларды жедел көрсеткені үшін.

2. Экономикалық шолу – Киндоп Игорьге, Христиан Альб­рехт атындағы Киль уни­вер­си­тетінің магистранты – Қазақ­станның қаржылық-экономикалық дамуы жөніндегі сараптамалық материалдары үшін.

3. Саяси шолу – Еділқызы Ләйлаға, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі – Қазақстан қоғамының діни тағаттылығы жөніндегі материалдар циклі үшін; Фиронова Валентинаға, «Казахстанская правда» республикалық газеті құқық бөлімінің шолушысы – Қазақстанның сот жүйесінің дамуы жөніндегі өзекті жарияланымдары үшін.

4. Журналисттік зерттеу – Сноуден Эдвардқа, америкалық маманға – арнаулы қызметтердің әлем бойынша ақпараттық коммуникацияны жаппай бақылауға алуы жөніндегі құпия ақпаратты ашқаны үшін.

5. Ізденіс материалы – Жан­діл­дина Татьянаға, Сәбитова Әл­фия­ға, Қазақ радиосының журна­листері – елдегі неміс және татар этностары өкілдерінің рухани бірлігі жөніндегі айрықша материалдары үшін.

6. Телевизиялық жұмыс – Әбілдина Әйгерімге, теле­жүр­гізуші – «Астана» телеарнасындағы «Сырласу» телебағдарламасын ұйымдастырғаны үшін; Сейдеш Жадыраға, журналист – КТК телеарнасындағы «Жүрекжарды» бағдарламаларының циклі үшін.

7. Зерттеу жұмысы – оңтүс­тікқазақстандық «Айғақ» теле­арнасының шығармашылық ұжымына (президенті Дулат Әбіш) және «Қазақстан» ТРК» АҚ (төрайымы Нұржан Мұхамеджанова) – Жеңістің 70 жылдығына арналған майдандағы қазақстандықтардың тағдыры жөніндегі зерттеу материалдары үшін.

8. Ғылыми-көпшілік жұмыс – Құрманғалиев Кәрімбекке, «Қазақ өркениеті» журналының бас редак­торы – қазақ өркениетінің қалыптасуы және дамуы жөнін­дегі материалдар сериясы үшін; Тоқ­­санбай Сүлейменге, ­«Орыс­­ша-қазақша үлкен эконо­мика­лық сөздігінің» авторы-құрас­тырушысы.

9. Медиа-жоба – Ақбаров Әлімжанға, бас редактор – «Друж­­ные ребята» газетінің бет­­те­рінде өскелең ұрпақты патриот­тық тұрғыда тәрбиелегені үшін. Мұстафин Санжарға, бас ди­ректор – «Гәкку» теле­арна­сында қазақстандық эст­ра­­- да ан­тологиясын жасаудағы шығармашылық ізденісі үшін.

10. Фототелешеберлік – Акчурин Шухратқа, Нүсіпбеков Болатқа, телеоператорлар – республикалық телеарналарда қазақстандықтардың көркем образдарын жасағаны үшін.

Қазақстан Журналистер одағы мен «Казинпресс» қауымдастығы Амангелді Ахметәлімовтің атын­дағы сыйлықпен Қазақ­станның ақпараттық қызметін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін «Дат» медиажобасының жетекшісі Бапи Ермұратты марапаттады.

Қазақстан журна­листи­ка­сының ардагерлері Айтбаева Априза, Арғымбайұлы Жұмаш, «Литер» газетінің Астанадағы фототілшісі Мағзұмов Советбек, «Ақ Жайық» өңіраралық газетінің бас директоры Мұқашев Әбділда, «Казах­станская правда» газе­тінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Рыжкова Наталья Қазақ­станның Құрметті журна­листері атанды.

Халықаралық «Қазақстан-ZAMAN» газеті Рақымбай Ханалы атындағы сыйлықпен фотожурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін «Алматы ақшамы» газетінің фототілшісі Қызайбекұлы Сәрсен­­бекті марапаттады.

Бейбіт Құсанбек атындағы жас телепублицистер үшін жеке сый­лығымен «Қазақстан» телеарнасының продюсері Асыл­бекова Жаңыл марапатталды. Қазақстан Журналистер одағының дипломдарымен баспасөзді қолдағаны және журналистермен өзара түсіністігі үшін: Байбатыров Серіктің – Қазақстанның Соттары одағы төрағасының, Баталов Амандықтың – Алматы облысы әкімінің, Жәмішев Болаттың – Қазақстанның Даму банкі басшысының, Жұмағалиев Асқардың – «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқармасы төрағасының, Жұмағұлов Айбатырдың – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқармасы төрағасының, Зарудна Натальяның – ЕҚЫҰ бағдарламаларының Астанадағы офисі басшысының, Самек Властимилдың – БҰҰ қоғамдық ақпарат департаменті өкілінің, Свиридов Андрейдің – Адам құқығы және заңды сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының интернет-сайты редакторының қызметтері атап өтілді.

 «Қаламгер Медиа» баспа ор­талығының директоры Әшімжан Жанарбек, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Сұлтанов Қуаныш, «Костанайские новости» газетінің бас редакторы Харченко Сергей, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Шаштайұлы Жұмабай Қазақстанның Журналистика академиясына мүше болды.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371