Сенбі, 23 Қараша 2024
Ұждан 4251 0 пікір 23 Маусым, 2015 сағат 05:45

ЯНУКОВИЧ: ХАЛЫҚТЫҢ ҚАНЫНА ТАТИТЫН БИЛІК ЖОҚ(Видео)

Виктор Янукович батыстық беделді БАҚ BBC-дің «Newsnight» бағдарламасына сұхбат берді. Бұл оның Украинада болған мемлекеттік төңкерістен кейін ресейлік емес БАҚ-қа берген алғашқы сұхбаты.

Экс-президент өз сұхбатында Майдандағы қырғын туралы айтты. Оның сөзінше ол қан төгілмеуіне барын салған. Янукович 2014 жылы, ақпандағы жүздеген адамның өлім құшуына себеп болған қақтығыстарға билікке қарсы келген радикалдар кінәлі деп санайды.

«Мен қарсы тұрдым, үзілді-кесілді қарсы келдім. Ешқандай билік бір тамшы қанға татымайды. Сондықтан мен Украинада қан төгуге қарсы болдым. Мен Украинада соғыс болмауы үшін қолымнан келгенін жасадым», - дейді Янукович сұхбатында. Ол сондай-ақ, құқық қорғау органдарының ешқайсысына қарусыз ереуілдерге қарсы қару қолдануға бұйрық бермегенін, алайда полицияны радикалдардың арандатқанын айтады.  

Өзінің Украинадан кетуіне экс-президент: «Мен Путинге мені құтқар демедім, алайда ол менімен ақылдаспай-ақ өзінің арнаулы қызметтері арқылы мені құтқарды. Мен оған менің өміріме араша болғаны үшін әрине рахмет айтамын», - деді.

Ресей президенті Путиннің «Украина дегенің мүлде мемлекет емес қой» деген сөзі туралы: «бұнда – саяси шоудың элементі бар» деп атады Янукович. Ол сондай-ақ, «Біз, Ресей және Украинаның, көрші мемлекет ретіндегі бүгінгі және тарихи ақиқатымыз тату-тәтті болуға жетелейді. Көршінің аты көрші ғой, оны таңдап алмайсың», - деді.

«Әрине, Украинадағы болған оқиға Украин халқының трагедиясы. Біз бұл жағдайдан шығатын жол іздеуіміз керек.  Бүгінде соғыс жалғасып жатыр. Бұл факт. Қырымды қайтарып аламыз дейді, қалай қайтарамыз, тағы да соғыспен бе? Демек тағы да соғыс?», - деп елдің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді Янукович.

Естеріңізге салсақ, Янукович биліктен тайдырылған соң Ресейді паналаған болатын. Ол ондағы жергілікті телеарналар арқылы бірнеше рет өзінің тірі екенін әрі Украинаның заңды президенті екенін мәлімдеген болатын. Украинаның экс-президентінің лауазымы Украина Радасының 4 ақпандағы қабылдаған заңына сай, осыдан бірнеше күн бұрын, 18 маусымда ресми тоқтатылды. Ол, 2014 жылы, ақпан айында елдегі мемлекеттік төңкерістен кейін елден кетуге мәжбүр болған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396