АНЖЕЛИНА ДЖОЛИ ЕРДОҒАНМЕН КЕЗДЕСТІ
БҰҰ-ның ізгі ниетті елшісі, Холливуд жұлдызы Анжелина Джоли өткен аптаның сенбісінде, 20 маусым Түркияның Мардин қаласында Ережеп Таиип Ердоғанмен кездесті. Ол, Түркияның Сириямен және Иракпен шекаралас аумағындағы Мардин аймағының Мидият ауданында өткізілген босқындармен кездесу лагеріне БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Антонио Гутьерреспен бірге келген. Олар қалын сұрай келген бес жарым мыңдай Ирактық және Сириялық босқындар Қаланың Ақшакая махаллесінде уақытша баспанаға қоныстандырылған. Аймаққа екі министрін ерте келген Ердоған БҰҰ өкілдерімен жарым сағатқа жауық БАҚ-қа жабық кездесу өткізді. Лагері босқындардың Түркия аумағына кіруіне жыл толуына орай ұйымдастырылған. Мұнда жиналған саяси баспана сұраушылардың кейбірі Джолимен кездесуінде туған өлкесіне кері қайтқысы келмейтінін, Еуропаға кеткісі келетінін білдірген.
Кездесуден соң Ердоған Түркияның 2 миллионнан астам босқынға ие шығып отырғанын, оларға көмек ретінде сырт мемлекеттерден 370 миллион доллар қаржы келгенін, алайда Түркияның босқындарды қабылдауға жұмсаған қаражаты 6 миллиард доллардан асқанын айтты. Оның айтуынша, Түркия 2011 жылы 10 мың ғана босқын қабылдаса, соңғы бір жылда елге келген босқындар 2 миллионнан асты.
Өз кезегінде Анжелина Джоли Түркияның кең құшақтығына ыстық ықыласын айтып, өзге елдерге үлгі болар әрекетіне алғыс білдірген. Ол босқындар арасындағы әйелдер мен балалар санының көптігіне баса назар аударып, жұртты көмек көрсетуге шақырды.
Анжелина Джоли бұған дейін де Антонио Гутьерреспен бірге 2012 жылдың қыркүйегінде Түркияның Сириямен шекаралас бірқатар аудандарында босқындардың жағдайын көзден кешіріп, Анкарада бұрынғы президент Гүлмен кездескен болатын.
Abai.kz