Жексенбі, 10 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 10134 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 16:04

ЖЕЗӨКШЕЛЕР ПУТИННЕН КӨМЕК СҰРАУДА

Жақында Украина Радасының депутаты Олег Ляшко Түркия территориясында тәнін саудалап жүрген мыңдаған Ресей азаматшаларының ресми биліктен көмек сұрағанын айтады. Бұл туралы joinfo.ua сайты жазған.

Аталмыш сайттың ақпараттарына сүйенсек, мыңдаған  орыс жезөкшелері әлеуметтік желілер арқылы өздерін Түркия құлдығынан құтқаруды сұраған. Қазіргі таңда 1 миллионнан астам Ресей азаматшасы «түрлі қызмет көрсету» салалары бойынша өзге мемлекеттерде еңбек мигранттары есебінде тіркелген.

Ал «Ресей азаматтарының Түркиядағы қызмет көрсету саласы» профсоюзының (бұл интимдік қызмет түрлері ұйымының ресми атауы) «наташалары» Түркия мен Ресей арасындағы жанжалдардың ушығып кетуіне байланысты, жаппай өз елдеріне қайтуға бел байлаған.  Алайда, Түркия территориясында жезөкшелік және өзге де жекелеген қызмет түрлерімен айналысатын сылқымдарды Ресейдің қайтарып алуға құлқы жоқ секілді.

Украиналық депутат Олег Ляшконың айтуынша, Түркиядағы жезөкшелікпен айналысатын «наташалар» (Түркияда ресейлік жезөкшелерді осылай атайды) Ресей-Түркия жанжалдарынан кейін, түрік азаматтарына интимдік қызмет көрсетуден бас тартып, наразылық ұйымдастырған. (Joinfo.ua).

Алайда, түрік жерінде тән саудасымен айналысатын Ресей азаматшаларының наразылығына назар аударған ресми мекемелер жоқ көрінеді. Өздерін секс-құлдықтың құрбаны деп есептейтін сылқымдардың қайтарға ақшалары жоқ екен. Сондықтан, әлгі «наташалар» әлеуметтік желі арқылы ресейліктерден көмек сұраған.

«Қымбатты біздің Отандастар! Сіздерден көмек сұрап отырған «түрлі қызмет түрлерін көрсету бойынша ресми емес ұйымның басшысы Карина Сысоева. Біздің ұйымда Анталия, Ыстамбұл мен Анкарадағы 5000-нан астам даяршылар мен бишілер тіркелген. Екі ел арасындағы қазіргі жағдайларға байланысты біз патриоттық сеніммен, Түркия территориясында қызмет көрсетуден бас тартып отырмыз. Біз өз отанымызға қайтуға дайынбыз. Біздің Ресейге қайтқымыз келеді. Бірақ,  бізге өз қарамағымыздағы 5 мыңнан астам қызды елге қайтаруға ұшақ билеттері үшін 17,5 миллион рубль мен қыздардың қарыздары үшін 15 миллион рубль қаржы керек. Ал бізді мұндай сома жоқ. Сондықтан ресейлік кәсіпкерлер мен шенеуніктерден көмек сұрап отырмыз. Бізді құтқарыңыздар. Біз Түркия жерінде құлдықта қалғымыз келмейді. Біздің осы үндеуімізді естиді деп үміттенеміз» деп мәлімдеген.

Рас, Түркия-Ресей арасындағы жанжалдар күн өткен сайын ушыққан үстіне ушығып келеді. Қоғамның басқа саласында талас-тартыс өршіді.  Енді жыныстық сауда бизнесі өкілдері де атып құлатқан СУ-24 ұшағы үшін түріктерге сатылмаймыз деп, наразылық көрсетіпті. Бұл патриоттық па, әлде көп сиырмен қатар мөңіреген көзбояушылық па? «Наташалардың» намысы  кенеттен ояна қалғаны қалай? Кезінде Қырымда орыстар бас көтеріп, Путиннен көмек сұрағанда Ресей Президенті не деп еді? «Біз өз бауырларымызды жылатып қойып, қарап отырмаймыз» демеп пе еді?!. Сөйтті де Қырымды тартып алды Украинадан. Енді Түркияда мыңдаған орыс жылап жатыр. Анау-мынау емес, жеөзкшелік бизнесінің бикештері екен. Қыздар болса, алған беттерінен қайтар емес. «Біз тек орыстарға ғана сатыламыз» деп тұр анадайдан. Өз азаматтарыңыз ғой, Путин мырза! Наташаларыңызды сіздер керек қылмасаңыздар, түріктер оларды не қылсын?! Құрысын, алып кетіңіздер. Әйтпесе, әлем Путин сөзінде тұрмайды деуден тайынбас.

Келісім Түркия

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1159
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2659
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2693