Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3524 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 08:44

ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ЖИЫНЫ РЕСЕЙ-ТҮРІК МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАМАЙДЫ

Астанада 3 желтоқсанда түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясының халықаралық конференциясы өтті.

Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия елдерінің өкілдері қатысты. Дәл осы күні Ресей президенті Владимир Путин және Түркия президенті Реджеп Эрдоган бір-бірлеріне жаңа айыптаулар тағып жатты. Ал «Ұлы дала жеріндегі мемлекеттілік және парламентаризм» деген атпен өтіп жатқан конференцияда бұл тақырып ашық қозғалмады.

Халықаралық түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі бұл конференцияның аясы ғылыми екенін айтады. Ал Түркияның «Ұлы ұлттық жиын» төрағасының орынбасары Айдын Ахметтің сөзінше, жұма күні жалғасатын сессияда да ресей-түрік мәселесі қаралмайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434