Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4271 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

САЙРАМ АУДАНЫНДА «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

 Жақында «Нұр Отан» партиясының Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен «бірыңғай ашық есік күні» аясында  қоғамдық қабылдау өткізілді. Бұл туралы abai.kz  порталы хабарлайды.  

Оған аудандық  құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік органдар, аудандық мәслихат депуттары мен коммуналдық  қызмет көрсету мекеме-ұйымдары, атап айтқанда аудандық сот, прокуратура, ішкі істер және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармаларының,  сот орындаушылар және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің, «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалы Ақсукент ауылдық бастауыш партия ұйымының төрағасы, аудандық мәслихаттың депуттары-«Нұр Отан» партиясы фракциясының өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және жер кадастр бөлімдерінің басшысы мен жауапты тұлғалары, сондай-ақ ауылдық округтері әкімдерінің орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты.Қоғамдық қабылдауға 18 адам жазылса, олардың басым көпшілігі тұрғын үй салу үшін жер телімін беру, жұмысқа орналастыру, алимент өндіру және әлеуметтік мәселелер бойынша талап-тілектер мен өтініштер білдірді. Қойылған сауалдар мен тілектерге мемлекеттік органдар басшыларымен жауаптар мен түсіндірмелер берілді.Қоғамдық қабылдаудың  мақсаты – тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті қалыптастыру, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту, мемлекеттік құрылымдардың жұмысына қоғамдық бақылауды арттыру.

Естеріңізде болса, осыған дейін «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында партия мүшелері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мұқтаждықтарын шешуге атсалысуға қатысты шаралар ұйымдастырылған болатын.

Сайрам ауданының әкімдігінің ресми сайты

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394