Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 3644 0 пікір 4 Желтоқсан, 2015 сағат 03:00

ОҢТҮСТІКТЕ ХҚКО-НЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ


Мемлекет басшысы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс екенін айтқан болатын. Ең бастысы, олар  да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері тиіс.

 «ХҚКО» РМК  Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиал директоры Серік Тұрғынбайұлының айтуынша, бүгінде ХҚКО қызметкерлері есту қабілеті төмен жандарға кедергісіз қызмет алуы тудыру үшін арнайы сурдоаудармашы курстарынан өткен.

–Халыққа қызмет көрсету орталығы қала және ауданның 67 қызметкерлері сурдоаудармашы курсынан өткендігі туралы сертификаттарға ие болды. Бір ай ішінде кәсіби педагогтардан олар ымдау көмегімен «электрондық анықтама», «электрондық кезек», «дайын құжат», «электрондық цифралық қолтаңба» және т.б. сөздерді көрсетуді үйренді. Осыған дейін инспекторлар орталыққа келген есту қабілеті нашар жандарға қызмет көрсеткенде түсіндіре алмай ыңғай¬сызданса, енді мұндай қиындық жоқ. Саңырау жандар да кедергісіз қызмет ала алады.

 Сонымен қатар, Серік Тұрғынбайұлының айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының барлық ХҚКО-ларда мүгедек жандарға қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет алу жөнінде кеңес беру, сондай-ақ, «e-gov» порта¬лымен, электронды сандық қолтаңбаны көрсетіп, салық, айыппұл, баланы бала¬бақша кезегіне қою, мекен-жай анық¬тамасын, мүгедектігін растау анықта¬маларын алу секілді қызметтерді сурдоаударма тәсілдерін меңгерген инспекторлар атқаратын болады.

Енді кәсіпкерлер патент алу үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне бармай-ақ, оны  Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ресімдей алады. Орындалу уақыты – 1 жұмыс күні. «ХҚКО» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жақыпбек Меңлібаевтың айтуынша, патентті ресімдеу үшін ХҚКО-ға жүгінген күн, яғни құжаттарды қабылдау күні бұл мерзімге кірмейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Айта кетейік, егер уақытыңыз тығыз болған жағдайда, кезекті брондау қызметі қарастырылған. Ол үшін, электрондық үкімет порталы арқылы өзіңізге қолайлы уақытты және ХҚКО-ны таңдай аласыз. ЭЦҚ болуы шарт емес.

ХҚКО арқылы ресімдеу үшін тұтынушының өзімен бірге келесі құжаттар тізбесі болуы тиіс:  патент есептеулері, жеке куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі және патент құнын төлегені жөніндегі растау түбіртегі.

Сондай-ақ, бұл қызметті Электрондық Үкімет порталында, Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ өз компьютеріңізде отырып алуға да болады. Ол үшін ғаламторға кіріп порталға тіркелесіз және өзіңізде электрондық-цифрлық қолтаңбаңыз болуы керек.  Құжаттар тізімі ХҚКО-ға ұсынатын құжаттармен бірдей, тек электрондық үлгіде ұсынылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391