Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4253 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 16:38

ҚОС АУДАНДАҒЫ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІЛЕДІ

Шымкент қаласының əкімі Ғабидолла Əбдірахымовтың аудандардағы жұмыс сапары жалғасуда. Шаһар басшысы Еңбекші ауданына қарасты Қазығұрт, Қаратөбе, Жұлдыз аумақтарының тұрғындарымен кездесті. Еңбекші ауданы жұртшылығымен жүздесуде аудан әкімі Ғалымжан Ильясов атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, - деп хабарлайды Абай порталы Шымкент қаласы әкімдігінің бапасөз қызметіне сілтеме жасап. 
№99 мектептегі кездесуде шаһар басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, коммуналдық сала бойынша салалық бөлім басшыларына нақты тапсырма берді.  
- Еңбекші ауданының елді мекендеріндегі басты мәселе - көлік тасымал қызметі. Қаламыздың 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасында шаһарымызда коммуналдық автопарк салуды жоспарлап отырмыз. Алдағы жылы біз қаладан шалғай аудандарда тұратын елді мекен тұрғындарын тасымалдау мəселесін оңтайлы шешетін боламыз, - деді Шымкент қаласының əкімі.

Еңбекші ауданындағы түйіткілді мәселенің бірі Халыққа қызмет көрсету орталығының жоқтығы. Осыған орай, қала әкімі осы жылдың соңына дейін 93 мың тұрғынның игілігі үшін Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылатынын айты.

Сондай-ақ, қала басшысы елді мекендердің әлеуметтік картасы сараланып, нақты өзекті мəселелері бірінші кезекке қойылатынын жеткізді.

Шымкент қаласының əкімі Ғ. Әбдірахымов жұмыс жоспарына сəйкес Əл-Фараби және Қаратау  аудандарының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қос аудан тұрғындарының дені коммуналдық мәселелерді көтеріп, қордаланған проблемаларды шешіп беруін өтінді.

- Ең алдымен тұрғын үй салмас бұрын ол жер инфрақұрлыммен қамтамасыз етілуі керек. Қаламызға көптеген елді мекен Сайрам ауданынан қосылған. Сол ауданның заңсыз берілген жерлеріндегі коммуналдық мәселе бізге айтарлықтай жүк болып отыр. Тіпті ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің өзін 8 соттыққа бөліп халыққа жүйесіз, жобасыз таратқан. Қазір біздің ең бірінші мақсатымыз әуелі осы елді мекендердің жол, газ, су мәселесін шешу. Тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасау. Қала əкімдігі қазір қызу жұмыс істеуде. Біз бюджеттің жағдайына қарап, сіздердің мəселелеріңізді жүйелеп шешеміз. «Сабыр түбі - сары  алтын» дегендей бірер жылда жағдайымыз едəуір реттеледі, - деді Əл-фараби ауданының тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Ғ. Әбдірахымов.

Анығында, аталмыш аудан аумағына қосылған елді мекендерде 19 мыңға жуық xалық тұрады. Бүгінде қалаға қосылған елді мекендердің әлеуметтік картасы түзіліп, 2020 жылдарға арналған тұжырымдама жасалынды. Сондай-ақ Мәртөбе, Бозарық елді мекендеріне қоғамдық көлік тұрақты түрде жүруде. 5 жылдық тұжырымдамаға сəйкес тұрғындарды толғандырған мәселелер шешіліп келеді.  2012 жылы Үкіметте қаламыздың Бас жоспары бекітілген болатын. Сонда Д.Қонаев даңғылын кеңейтіп, ұазарта түсу туралы жоспарланған. Осыдан орай,  шаһар басшысы сол «Қызыл сызыққа» түскен үйлерді тексеріп мүмкіндігінше тұрғындарға тиімді етіп шешуге ықпал ететіндігін жеткізді.

Жұмыс кестесіне сəйкес, Қаратау ауданының тұрғындарымен кездескен шаһар басшысы ауданда атқарылған жұмыстар бойынша Қаратау ауданның əкімі Ғалым Исмаиловтың баяндамасын тыңдады.

Қаратау ауданының əкімі Ғалым Исмаиловтың айтуынша аудан аумағында орналасқан тұрғын алаптар мен шағын аудандардың электр жарығымен қамтылуына зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде аудан бойынша жалпы 40443 тұрғын үй бар болса, оның ішінде 39866 тұрғын үй электр жарығымен қамтылған (99%), Ал 413 тұрғын үй электр жарығымен қамтылмаған (1%). Атап айтар болсақ, Қаратау ауданының аумағы 32 мың 256 га құраса, аудан көлемінде 213 мыңнан астам халық тұрады. Аудан аумағына 17 шағын аудан мен 13 тұрғын алаптар енген.

- «Тұран» шағын ауданының болашағы кемел. Себебі, Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған даму тұжырымдамасында бұл аудан аумағынан «Shymkent City» кешені бой көтермекші. Тіпті, қала жастарының демалуына, серуендеуіне арналған ойын-сауық орталықтары салынбақ, -деді қала басшысы.       
Тұрғындарының күнделікті өміріне коммуналдық мəселені бірінші кезекте шешуге жоба дайындалып жатқандығын жеткізген қала басшысы шаһардың  шын жанашыры ретінде кәсіпкер азаматтардың өз қаражатына халық игілігіне қажетті дүниелер істесе деген ойын білдірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404