Жұма, 20 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 3952 0 пікір 3 Желтоқсан, 2015 сағат 09:31

СОТТАЛҒАН ЖУРНАЛИСТКЕ "ХОЛМЕ ҚАҺАРМАНЫ" СЫЙЛЫҒЫ БЕРІЛДІ

Әзербайжанда сотталған журналист Хадиджа Исмайловаға«Холме қаһарманы» халықаралық сыйлығы ұсынылды. Оны швед газеті Handels-och-Sjofarstidning тағайындаған.

«Холме қаһарманы» жыл сайын өзінің бостандығын құрбан етіп, адам құқықтарын қорғап жүрген адамдарға беріледі. Алдын бұл сыйлықты АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден мен Викиликс сайтының құрылтайшысы Джулиан Ассанж т.б. азаматтарға берілген.

Хадиджа Исмаил алаяқтық жасағаны үшін деген айыппен 7,5 жылға бас бостандығынан айырылған. Құқық қорғаушылар болса ол Әзербайжан билігіндегі коррпуцияны жариялағаны үшін жазаға тартылды деп есептейді. 

Абай-ақпарат

0 пікір