АХМЕТОВ 12 ЖЫЛҒА СОТТАЛУЫ МҮМКІН
Серік Ахметовті 12 жылға бас бостандығынан айырып, дүние-мүлкін тәркілеп, қызметпен айналысуына мемлекеттік тыйым салуын сұраймыз. Мемлекеттік айыптаушы Қазақстанның бұрынғы экс-премьеріне соттан осындай жаза сұрады.
Алайда жарыссөз кезінде прокуратура Ахметовке қатысты 600 миллион теңге пара алды деген күдіктері дәлелденбегенін айтып, жемқорлық ісіне қатысты бапты алып тастауын сұраған. Оның орнына "Қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" БАП деген пен өзгертіп, "заңды кәсіпкерлікпен айналысуға кедергі келтірді" деген жеңілдеу айып тағылды.
Айыптаушылар сонымен Мемлекеттік қатар Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевті - 7 жылға, Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловты 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Абай-ақпарат